Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көздің түсінен қандай адам екеніңізді білуге болады

Көздің түсінен қандай адам екеніңізді білуге болады



Көздің түсі генетикалық ерекшелікті ғана білдірмейді, ол адамның мінезінен де сыр шертеді.
Көздің түсі адамның мінезі туралы көп нәрсе айтуы мүмкін. Егер бұған сенбесеңіз, ғалымдардың зерттеуіне назар салыңыз.
АҚШ-тағы Делавэр университеті ғалымдарының айтуынша, көздің түсі генетикалық ерекшелікті ғана білдірмейді, ол адамның мінезінен де сыр шертеді, деп жазды Сегодня. 

Ашық түсті көз: сіз бақталастықты жақсы көресіз 

Австралиялық ғалымдар 336 адам қатысқан зерттеу кезінде көзі ашық түсті (көк немесе ашық жасыл) адамдар бақталастықты жақсы көреді және көнгіш келеді деген қорытындыға келді. Мұндай адамдар витилиго деп аталатын тері ауруына аз шалдығатын көрінеді. 
Колорадо медициналық мектебінің ғалымдары витилигоға шалдыққан 3000 адамның тек 27% —ның ғана көзі көк немесе жасыл екенін анықтады.  

Қара көз: сіз ішімдікті аз ішесіз, сенім артуға болады

"Көзінің түсі ашық адамдар көбірек ішеді, бұл зерттеудің шүбәсіз қорытындысы", — деп мәлімдеді офтальмолог дәрігер және Америка оптометрикалық қауымдастығының мүшесі Кристофер Квин.

Дәрігер Квинн Джорджия штаты университетінің зерттеушілері жүргізген сауалнама туралы әңгімелеп берді. Сауалнамаға 12 мың адам (ерлер мен әйелдер) қатысты. Осылайша зерттеушілер "көздің түсі мен алкогольді тұтыну арасындағы байланысты" тапқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ қара көзді адамдар сенімді келеді екен. 238 ерікті қатысқан зерттеудің нәтижесі PLOS ONE журналында жарияланды.
Мұндай адамдар көзінің түсі ашық адамдарға қарағанда көз ауруларына екі есе аз шалдығатыны да белгілі болып отыр.  
sputniknews.kz
05 желтоқсан 2018 ж. 1 478 0