Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірден 60 келіге арықтаған егіздер адам танымастай өзгеріп кетті

Бірден 60 келіге арықтаған егіздер адам танымастай өзгеріп кетті


Англияда 60 келіге арықтаған егіздер адам танымастай өзгеріп кетті. Олар тіпті, бір-біріне ұқсамай қалған деп жазады РенТВ.
26 жастағы Шеннон мен Оливия Уилсон Батыс Йоркшир округінің Бригхаус қаласында тұрады. Жағымсыз қасиеттері де ұқсас егіздер бала кезінен тәттіге құмар болған. Олар жасырынып шоколад жеп, басқа да тәттілерді сатып алып жүрген. Ал есейе келе фастфуд пен өзге де тамаққа тапсырыс беруді әдетке айналдырған. Салдарынан екеуі де артық салмақ қосқан. Ал уақыт өте Оливияның арқасы ауыра бастаған. Оған омыртқа каналының стенозы – созылмалы ауырсынуды тудырған омыртқадағы бос орындардың тарылуы диагнозы қойылған. Осыдан кейін бойжеткен артық салмақтан арылу керек екенін түсінген. "Мен өзімді алдап, толық екенімді мойындамайтынмын. Өзім үшін ештеңе істей алмадым, сондықтан әкем мені киіндіретін, ал мен, тіпті, еңкейе алмадым. Джинсы киюден қалдым. Оның орнына кең киіммен жүрдім", - дейді ол. Осылайша, Оливия диетаға отырады. Көп ұзамай оның егізі Шеннон да артық салмақтан арыла бастайды. Коронавирус пандемиясы уақытында қыздар бірге тұрып, алдағы тамақтану кестесі мен жаттығулар жоспарын құрған. Егіздер тәттіден бас тартып, тек пайдалы тамақ жей бастаған. Олар өткен жылдың мамыр айынан бастап күнде жаттығады. Нәтижесінде шамамен екі жылда Оливия 61 келі, ал шеннон 55 келі салмақ тастаған. Қазір екеуі де бақытты әрі адам танымастай өзгерген.








04 наурыз 2021 ж. 382 0