Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Салмағы 29 келі ғана болған қыз кәмпиттің арқасында адам танымастай өзгеріп кетті

Салмағы 29 келі ғана болған қыз кәмпиттің арқасында адам танымастай өзгеріп кетті


Англияда тұратын 21 жастағы Энни Уиндли арық болу үшін бес жыл бойы күніне бір мезгіл тамақтанып, ветчина мен нан ғана жеген. Ақыр соңында бойжеткеннің денсаулығы нашарлап, бес рет ауруханаға түседі. Дене бітімінің сымбатты болып қалғанын қалаған Энни ет пен сүт өнімдерінен бас тартып, күніне бір мезгіл тамақтануға бел буған. Ветчина мен нан ғана жейтін қыздың салмағы небәрі 29 келі ғана болыпты. Алайда көп ұзамай қыздың денсаулығы нашарлап, психологиялық проблемалар басталады, деп хабарлайды life.ru. Дәрігерлер, тіпті, жүрек талмасы болуы мүмкін екенін ескерткен, Энни көз алды бұлдырап, қарауытып, төсектен тұра алмай қалатын хәлге жетеді. Ата-анасымен, құрбы-құрдастарымен сөзге келіп, қарым-қатынасы бұзылады. Алайда Энни ап-арық болу үшін жақындарының сөзіне құлақ аспай, райынан қайтпайды.
Бірақ күндердің күнінде бәрі өзгерді: күні бойы шоколад жегісі келіп, әрең шыдаған Энни кешке таман кәмпит жейді. Таңертең ерте өлшеніп, артық салмақ қоспағанын аңғарады. Осыдан кейін қыздың тамақ алдындағы қорқынышы бірте-бірте азайып, бір-екі жылдан кейін дұрыс тамақтана бастаған. Қазір Эннидің салмағы – 45 келі, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданады

sputniknews.kz

04 ақпан 2019 ж. 1 458 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930