Сауд Арабиясы The Line деп аталатын болашақ қаласының құрылысын жариялады. Қаланың ерекшелігі, онда тас жолдар, көшелер мен көліктер болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. The Line Қызыл теңіз жағалауындағы Неом инновациялық аймағында салынады. Қала құрылыс 2021 жылдың бірінші жартысында басталады, 170 шақырымды құрайды деп жоспарланып отыр. Болжам бойынша, ақылды қалада 380 мың жұмыс орнын құрылып, 2030 жылға қарай елдің ЖІӨ-ні 48 миллиард долларға арттырады.