Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та әлемдегі ең қымбат үй сатылымға шығарылды

АҚШ-та әлемдегі ең қымбат үй сатылымға шығарылды


Америка Құрама Штаттарының тарихындағы ең қымбат үй сатылымға шығарылды. Ол Лос-Анджелестің ең беделді Бель-Эйр ауданында орналасқан. The One деп аталатын сарай 340 млн долларға бағалануда. Бұл туралы The Sun жазды. Аумағы 9,8 мың шаршы метрді құрайтын ғимарат әлемдегі ең үлкен жеке үй болып табылады. Ол екі гектар биіктікте орналасқан және Лос-Анджелестің үстінде қозғалып тұрғандай көрінеді. Зәулім үйде 21 жатын бөлме, 42 жуынатын бөлме, бес бассейн, 30 автокөлік гаражы, кинотеатр және қайырымдылық шараларын өткізуге арналған жеке аумақтар бар. Интерьері қарапайым жиһаздармен және бейтарап түстермен ерекшеленеді. Үй заманауи өнер туындыларымен безендірілген. Бұл үйдің иесі – америкалық кинопродюсер Найл Найами. Ол үйдің құрылысын 2013 жылы бастаған, үйді салуға 600-ден астам адам тартылған. Аталған үйдің бағасы осыған дейін АҚШ-та сатылған ең қымбат үйдің бағасынан екі есе қымбат. Ол Нью-Йорктегі Хэмптон қаласында орналасқан және 2014 жылы 137 млн долларға сатылған.

14 қаңтар 2021 ж. 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30