Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбіт Шүменов Лас-Вегастағы зәулім үйін сатып жатыр

Бейбіт Шүменов Лас-Вегастағы зәулім үйін сатып жатыр



Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Америкадағы үйін сатып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz. 
Las Vegas Now мәліметінше, үш қабатты зәулім үйдің ауданы 2,8 мың шаршы метр, ол Лас-Вегастың элиталық ауданында орналасқан. Сатылым бағасы - 4,75 миллион доллар. Үйде алты жатын бөлме, тоғыз ванна, кинотеатр, лифт және вино қоюға арналған қоймасы бар. Сатып алушыға 50 сотық жер де бұйырады.
Шүменовтің үйін сатумен Шеннон Смиттың жылжымайтын мүлік агенттігі айналысып жатыр. Ол белгілі баскетболшы бойы 216 сантиметр Шакил О'Нил мына үйдің қасында өзін ұсақ сезінеді деп әзілдеген.
kaz.tengrinews.kz
15 ақпан 2019 ж. 1 016 0