Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең қарт адам ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Әлемдегі ең қарт адам ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Жапонияның 112 жастағы тұрғыны Титэцу Ватанабэ әлемдегі ең қарт ер адам деп танылды. Күншығыс елінің өкілі Гиннесс рекордтар кітабына енді. 5 наурызда Ватанабэ 113 жасқа толады. Ол 1907 жылы дүниеге келген. Ал өзінің ұзақ өмір сүруінің себебін үнемі күліп жүретінімен байланыстырады. Қазіргі уақытта Титэцу Ватанабэ Дзеэцудегі қарттар үйінде өмір сүріп жатыр. Мекеме мамандары ақсақалдың денсаулығы жақсы дегенді алға тартады, деп хабарлайды Kyodo. Бұған дейін ең қарт ер адам атағы Масадзо Нонакаға тиесілі еді. Ол 113 жасында қайтыс болды. Қазір Ватанабэнің бес баласы, он екі немересі, он алты шөбересі және бір шөпшегі бар. Жапония ұзақ өмір сүру көрсеткіші бойынша көш басында тұрған мемлекеттердің қатарында. Әлемдегі ең қарт кейуана да осы елдің тумасы. Фукуока префектурасында тұратын Канэ Танаканың жасы 117-да. Ал Қазақстан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы бойынша әлем елдерінің ішінде 110-орында тұр. Зерттеу бойынша, елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73,23 жасты құрайды. Ұзақ өмір сүретін елдердің тізімімен танысқыңыз келсе, мына сілтемені басыңыз. Бұған дейін әлем елдерінің тәжірибесінде ұзақ өмір сүрудің қандай құпиялары бар екенін жазған болатынбыз. Неліктен әйел адамдардың ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүретіні туралы мына жерден оқуға болады.

https://24.kz
13 ақпан 2020 ж. 1 723 0