Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2100 жыл бұрын қолданылған «Айфон» табылды (ВИДЕО)

2100 жыл бұрын қолданылған «Айфон» табылды (ВИДЕО)

Тыва Республикасында археологтар заманауи смартфонға ұқсайтын ерекше тік бұрышты құрылғы тапқан. Аталған археологиялық қазба 2016 жылы табылғанымен, ғалымдар бұл туралы енді ғана айтты, деп хабарлайды The Siberian Times.
IPhone-ға ұқсас құрылғы деген археологтар, оны 17 метр тереңдіктегі жас әйелдің қабірінен табылғанын айтады. “Айфонның” ұзынды 18 см, ені 9 см, яғни, бүгінгі смартфондардай. Қазба орны “Саян” деп аталатын Ала-Тей қорымы, Саян-Шушенск су электр станциясының жоғарғы жағында орналасқан. Жалпы, қазба орнынан тағы 110 бейіт, сондай-ақ тұрмыстық заттар, киім және қыш заттар табылған.
Қабірлердің жасы шамамен 2100 жыл. Жерлеу рәсімдерін зерттеген ғалымдар, бұлай жерлеу Хунну империясына тиесілі екендігін айтады. Хунну империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасыр мен біздің дәуіріміздің І ғасырының аяғына дейін өмір сүрген көшпелі халықтар мекені болған.

17 қыркүйек 2019 ж. 1 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031