Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Google картасы арқылы табылды

22 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Google картасы арқылы табылды

АҚШ-тың Флорида штатында 20 жылдан астам уақыт бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның сүйегі суға батып кеткен көліктен табылды. Көлік Google картасы арқылы табылыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

40 жастағы Уильям Молдт 1997 жылы 7 қарашада жоғалып кеткен. Ол түнгі клубқа кеткеннен кейін үйіне қайтып келіпті. Полиция тергеуді бастағанымен, одан ештеңе шықпаған.

Биылғы жылдың тамыз айының аяғында полиция Флоридада, Веллингтон қалашығына жақын маңдағы тоғаннан автокөлік табылғаны туралы қоңырау түскен.

Көлікті судан шығарғаннан кейін, оның ішінен адамның сүйегі табылды. Арада бір апта өткеннен кейін сүйектің Уильям Молдтқа тиесілі екені анықталды.
Белгілі болғандай, сол жердегі жергілікті мүлікті зерттеп жүрген адам Google Earth картасының суретінен көлікті байқапты.

Көлік 2007 жылдан бері суреттерден көрінгенімен, 12 жыл бойы оған ешкім назар аудармаған. Google (Moon Bay Circle, Wellington) картасынан әлі күнге дейін көліктің сұлбасын көруге болады.

Палм-Бич округі шерифінің кеңсесіндегілердің топшылауынша, қайтыс болған ер адам көлікті басқара алмай қалып, тоғанға құлап кеткен болуы мүмкін.

Жергілікті полиция өкілі Тереза Барбера арада осыншама уақыт өткеннен кейін ер адамның неден көз жұмғанын нақты анықтау мүмкін емес дейді.

«Бар білетініміз: ол жғалып кетіп, енді табылды», - дейді ол.

Белгілісі, Уильям Молдт жоғалып кеткен күні түнгі сағат 23:00 шамасында клубтан шығып кеткен. Ол шулы ортада уақыт өткізгенді ұната бермейтін адам болған екен. Сонымен қатар оның ішімдікті көп ішпейтіні, алайда сол кеште ішімдіктен азап ұрттағаны белгілі.

Ер адам сағат 21:30-да құрбысына қоңырау шалып, біраз уақыттан соң келетінін айтқан.

Молдтың туыстарына оның сүйегі табылғаны хабарланды.


13 қыркүйек 2019 ж. 1 068 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930