Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Путин мен Зеленский келіссөздер жүргізді

Путин мен Зеленский келіссөздер жүргізді

BAQ.KZ. Кремльде атап өткендей, Киевтің бастамасымен екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы korrespondent.net сайтында хабарланды.

Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей көшбасшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы 7 қыркүйекте Украина басшысының кеңсесі Facebook-те жариялады.

Мемлекет басшыларының диалогты қалыпқа келтіру жолындағы бірінші кезең шеңберіндегі уағдаластықтардың орындалу нәтижелеріне қанағаттанғаны айтылды.

Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары жақын уақытта кездесу күнін нормандтық формат түрінде талқылауға келісті.

Сонымен қатар, Донбастағы қақтығысты шешудегі Минск процесі шеңберіндегі келесі қадамдар туралы айтылды.

Кремль атап өткендей, сөйлесу Украина президентінің бастамасымен өтті. Ресей тарапының айтуынша, көшбасшылар одан әрі байланыстарды жалғастыруға келісті.
08 қыркүйек 2019 ж. 911 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (9369).

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (9368)

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031