Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Порошенконы басып озған Зеленский халыққа үндеу жасады

Порошенконы басып озған Зеленский халыққа үндеу жасады

Украинадағы президент сайлауында экзитполдың алғашқы нәтижелері бойынша 73,2% дауыс жинаған үміткер Владимир Зеленский халыққа үндеу жасады деп хабарлайды "112 Украинаға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ФоÑо: plainnews.ru
Әзілкеш өз сөзін қолдау көрсеткен жанұясына: ата-анасына, жұбайы мен балаларына алғыс айтумен бастады.
Кейіннен ол өз командасына, сарапшылардан бастап тазалаушыға дейін рахмет айтты. Зеленскийдің алғысына "адал қызмет еткен" құқық қорғау органдары, "барлығын бақылауда ұстаған" Украина Қауіпсіздік қызметі және журналистер, қарсыластар, жақтастар, сондай-ақ, барлық украиналықтар бөленді.
"Мен сенімдеріңізді ақтауға уәде беремін. Қорытындылай келгенде, мен ресми түрде әлі президент емеспін. Ал Украина азаматы ретінде барлық посткеңестік Одақ елдеріне айтарым: Бізге қараңыздар, барлығы мүмкін",- деп түйіндеді шоумен.
"Русская служба Би-би-си" тікелей эфирінде Зеленскийдің штабында өткен баспасөз -конференциясы көрсетілді. Көпшілікті Зеленский Порошенконы министрлер кабинетіне қабылдай ма деген сұрақ туындады.
Бұл сұраққа жауап берген Зеленский қоғамдастықпен кеңесетінін, украиналықтар Порошенконы министр ретінде көргісі келсе, ол да мүмкін екенін алға тартты.
Украинаның қазіргі президенті сайлаудағы қарсыласын да құттықтап үлгерді.
"Қазір ғана құттықтадым. Мен Украина президенті Петр Алексеевич Порошенкоға ризамын. Ол мені жеңісіммен құттықтап, көмек беруге әрдайым дайын екенін айтты. Ол менің және командамның жеңісін мойындады",-деді Зеленский.

22 сәуір 2019 ж. 602 0