Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛБАСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ РЕЖЕП ТАЙИП ЕРДОҒАНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

ЕЛБАСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ РЕЖЕП ТАЙИП ЕРДОҒАНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорда.
  Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды биылғы 12 маусымда Ескішехир қаласында Трансанатолия газ құбырының (ТАНАП) ресми түрде іске қосылатындығымен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл жобаның Түркия Республикасының транзиттік әлеуетін арттыруға септігін тигізетініне және елдің экономикалық дамуына зор ықпал ететініне сенім білдірді.
  Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Ердоған екі мемлекет арасындағы сындарлы диалогты одан әрі ілгерілету мәселелерін қарастырды.
  Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.
04 маусым 2018 ж. 1 180 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 106

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031