Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда бала еңбегі көбіне ауыл шаруашылығында пайдаланылады

Қырғызстанда бала еңбегі көбіне ауыл шаруашылығында пайдаланылады

ÒÑÑÒÑзÑÑанда бала ÐµÒ£Ð±ÐµÐ³Ñ ÐºÓ©Ð±Ñне аÑÑл ÑаÑÑаÑÑлÑÒÑнда пайдаланÑладÑ
Қырғызстанның ұлттық статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, бала еңбегі көбіне ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Қызмет көрсету, туризм, сауда саласында бұл көрсеткіш 6 процентті ғана құрайды. Жасөспірімдердің көмегіне ең көп жүгінетін Ош және Нарын облысы. Ал бала еңбегін ең аз пайдаланатын Бішкек қаласы мен Шу облысы. Зерттеуге сүйенсек, заңсыз еңбекпен көбіне шетелге кеткен жұмысшы мигранттардың балалары айналысады екен. Олар жұмысты оқумен бірге алып жүруге мәжбүр. Жергілікті билік Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп, баланың заңсыз еңбек етуін жоюға күш салып келе жатқанымен нәтиже көңіл көншітпейді.
Назгүл Турдубекова, құқық қорғаушы:
– Балалардың заңсыз еңбекке тартылуына кей кездері ата-аналардың өздері кінәлі. Себебі олардың басым бөлігі егін алқаптарына барып, денсаулықтарына зиянды минералды тыңайтқыштармен жұмыс істейді. Немесе жартылай жабық шеберханаларда жүреді. Қауіпті болып саналатын құрылыс алаңдарында да жеткіншектердің көптеп еңбек ететіні белгілі.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/321917-yr-yzstanda-bala-e-begi-k-bine-auyl-sharuashyly-ynda-pajdalanylady
14 маусым 2019 ж. 797 0