Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ӘЙЕЛДЕР

ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ӘЙЕЛДЕР


Әйел атаулы жұртқа  көбінесе көркімен танылады. Ерлігімен ерекшеленіп, дүниеге көп бала әкеліп әйгілі болатындар да баршылық. Өнертапқыштықтарымен танылған арулар туралы білесіз бе? Олар жасаған дүниелер әлемді өзгертуге себепші болған. Бүгінгі әңгімеміз солар туралы болмақ.

Астролябия

Бұл ежелгі астрономиялық құрылғы. Оның көмегімен ғалымдар аспан денелерінің орналасу мүмкіндіктерін зерттеген.  Астролябияны біздің дәуірге дейінгі 370-жылы ұлты грек Гипатия Александрийская жасапты.
Гипатия ханым өнертапқыштықпен қатар философия, астрономия, математикамен шұғылданған.
Көрінбейтін көзтартар

Суасты қайығына арналған перископ құралы – дүрбі шалғайдағы нысандарды анық көрсетеді. Бұл түрлі жағдайда өзге мақсаттарға да қолдануға өте ыңғайлы. Әскери салада әлі күнге қолданылады. Осыны жасаған – Сара Мэтер. Оған 1845 жылы перископ авторы ретінде патент берілген.
Циркулярлы ара

Араның бұл үлгісін Табито Бэббитт 1810 жылы жасапты. Оған дейін екі тұтқалы ара пайдаланылған.  Ол ағашты бір бағытқа жылжығанда ғана  кеседі. Циркулярлы ара осы кемшілікті жойды. Адамдар артық күш-қуат жұмсаудан құтылды. Осылайша, бұл жаңалық ағаш өнеркәсібі саласына үлкен өзгеріс әкелді.
Әйнек тазартқыш

Алаш шыққан көліктерде алдыңғы әйнекті жаңбыр мен қардан тазартып тұратын ештеңе болмаған. Сондықтан жүргізуші жолда көлікті тоқтатып, алдыңғы әйнекті сүртіп отыратын. Осы қиындықтан құтқарған Мэри Андерсон есімді әйел. Ол көлікке мінгенде жүргізушінің қалай қиналатындығын көрген соң, осы ауыртпалықтан құтқаруды ойлапты. Сөйтіп 1903 жылы қазіргі «дворник» деп аталатын құралды жасапты.
Автомобиль глушителі

ХХ ғасырдың орта тұсында көлік көбейіп, одан шыққан шу адамдардың мазасын ала бастайды.  Осы  проблеманы шешуге Эль Долорес Джонстың жаңалығы себепші болған. 1917 жылы көлікке арналған акустикалық фильтр құрастырып, темір тұлпарлардан шығатын шуды азайтты.
Ыдыс жуатын машина

Жабдық 1886 жылы пайда болған.  Авторы – Джозефина Кокрейн. Қолмен ыдыс жуу барысында оны сындырып алу оңай екенін байқаған әйел қиындықтан құтылу жолын іздейді. Тіпті өзінің аса қымбат қыш ыдыстарын сындырып алған соң Джозефина ыдыстарға зақым келтірмейтін құрал табуды ойластырады.  Өкінішке қарай, оның бұл жаңалығы араға 40 жыл салып іске асты.
Ет консервілері
Оның авторы – Надежда Кожина. Қалбырдағы ет алғаш рет 1873 жылы Венада өткен дүниежүзілік көрмеде көрсетілген.
Қазір консеревіленген ет ұзақ жыл бұзылмай сақталады. Бұл әр елде сақтық қорын жасауға да себепші болуда. Кожина осы жаңалығы үшін медаль алған.
Бюстгальтер
Кеудетартқыш әйелдер үшін аса қажетті құрал.  Алайда оны кім жасағанын көп адам біле бермейді. 1889 жылы француздық  Эрмини Кадоль жергілікті шеберханасында тосын киім түрін жасайды. Алғашқы өнімін le Bien-Etre («табысқа жету») деп атаған. Кеудетартқыш тез арада әлемге тарап үлгерді.
Подгузник
Су өткізбейтін алғашқы подгузниктерді  1917 жылы үй шаруасындағы Марион Донован жасапты. Оған дейін сәбилер денеге жайсыз тиетін резина ползункалар киіп келген. Осы қиындықтан қарапайым әйел құтқарды.
Бронежилет
Оқ өткізбейтін кеудешелер – синтетикалық материал ойлағаннан бес есе мықты болып шыққан.  1965 жылы жасалған тауардың авторы – доктор Стефанией Кволек.
Силикон
Бұл  материалды скульптор ойлап табады деген ой ешкімнің басына келмеген. Ол – Патрисия Биллингс есімді әйел. Өзі жасаған бұйымдардың жақсы сақталуы үшін 1970 жылы герметикалық сылақ жасайды. Ол отқа өте төзімді болып шықты.
ЭЕМ бағдарламасы
Алғашқы компьютерге бағдарламаны кім жасағанын білесіздер ме? Ол Билл Гейтс те емес, ол – британдық әйел Ада Лавлейс. Атақты ақын  Джордж Байронның қызы!
Ұялы байланыс және Wi-Fi
Хеди Ламарр әйгілі актриса ретінде белгілі. Алайда ол 1941 жылы әскери құпия саналатын байланыс құралдарын жасағаны үшін  патент алады. Бұл технология  1962 жылы америкалық торпедаларда қолданыла бастаған.  Осының негізінде ұялы телефондар мен Wi-Fi-құрылғысы өмірге келді.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ   
26 қаңтар 2018 ж. 1 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031