Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ұзақ өмір сүру үшін қалай дұрыс тамақтану керек?

Ұзақ өмір сүру үшін қалай дұрыс тамақтану керек?



Бір күндік калория нормасын он сағат ішінде ішіп-жеу тәуліктік циклдің бұзылуынан туындаған метаболизм проблемаларынан арылуға мүмкіндік береді. Калифорниядағы Солк институтының ғалымдары осындай тұжырым жасады, олардың зерттеуі Cell Metabolism журналында жарияланған, деп хабарлайды РИА Новости.

Бірқатар жануармен бірге адамдарда да циркадты ырғаққа жауап беретін гендер болады. Олар тәулік ішінде әртүрлі гендердің белсенділігін қамтамасыз етеді. Оның ішінде күндіз тамақ қорыту гендері және түндегі жасушаны қалпына келтіру гендері бар.
Кей адамдарда ауру-сырқаудың, уақыт белдеуін ауыстырудың және қартаюдың салдарынан осы ырғақтар бұзыла бастайды. Сол кезде ағза тамақ қорыту уақыты мен метаболизм қызметін қамтамасыз ету уақытының арасындағы балансты сақтай алмай, адам денсаулығында кінәрат пайда болады.

Түнде тамақ жеу неге зиян?
Зерттеушілер тышқандардағы цикардты ырғаққа жауап беретін гендерді алып тастап, кеміргіштерді екі топқа бөлді. Бірінші топтың тәулік бойы тамақ іше беруіне болады, ал екіншісі – он сағат ішінде ғана қоректене алады. Нәтижесінде бірінші топтағы тышқандар диабет, семіздік, бауырды май басып кетуі дерттеріне шалдыққан. Ал екінші топтағылар сап-сау күйінде қалыпты, негізінде екі топтағы кеміргіштерге тең калорияда бірдей қорек берілген еді.
Сонымен, ғалымдардың тәжірибесі көрсеткендей, бір тәулікте он сағат ішінде ғана тамақтану адам денсаулығын сақтауға көмектесіп, тіпті ағзаның биоритмі бұзылған күннің өзінде ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді. Алдағы уақытта ғалымдар адамдар арасында да осындай зерттеу жүргізіп көрмек.
sputniknews.kz

03 сәуір 2019 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (8740)

15 қараша 2019 ж.

№88 (8739)

12 қараша 2019 ж.

№87 (8738)

08 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам