Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Толықтық тұқым қуалай ма?

Толықтық тұқым қуалай ма?

Әжеңіз, анаңыз және әпкеңіз де толық... Бұл сізде де артық салмақ болатындығын білдіре ме? Әрине, жоқ. Толықтық гендері бола ма? Иә, олардың 200-ге жуық түрі бар. Бірақ олар семіздік гендері емес, олар "семіздікпен байланыстырылған" гендер. Яғни, олар артық салмақтың бір себебі болуы мүмкін. Алайда, болмауы да мүмкін – ол сізге байланысты. 
Зерттеулер бойынша, тиімді тамақтану мен физикалық жүктеме бұл гені бар адамдарға да, басқаларына да бірдей көмектеседі. Адам денсаулығының 50%-ы оның өмір сүру салтына, тек 30%-ы ғана генетикаға байланысты екен. Қалған пайыз экология мен медициналық көмекке қалады. Балалар ата-анасының артық салмағын "мұра" етіп ала ма? Егер ата-анасының біреуінде артық салмақ болса, баланың толық болу мүмкіндігі шамамен 50% болып келеді. Егер ата-анасының екеуінде де артық салмақ болса, баланың семіз болу ықтималдылығы 80%-ға дейін өседі. Бірақ оған кінәлі гендер емес. Себебі артық салмағы бар ата-ананың асыранды баласы да толық болып өсуі мүмкін.
Баланың тамақтануы толықтай ата-анасына тәуелді. Отбасыда қандай да бір тағамдық әдеттер қалыптасады. Мысалы, анасы баласының жай тамақ ішетіндігін айтып, ұрсып, жылдам жеп, дастарқаннан тұруын сұрайды. Соның себебінен бала әрдайым артық тамақ ішеді. Жылдам тамақ ішкен кезде миға тойғандығы туралы белгі барып болмайды. Сол секілді баланы тамақ ішуге қинайды: "Аз тамақ жесең, өспейсің! Сорпа іш, әйтпесе ішің ауырады." Сөйтіп, бала жегісі келмеген кезде де тамақ ішуді әдетке айналдырады. Кей отбасыда қытырлақ картоп (чипсы) пен газдалған тәтті сусындар дастарқанда күнде тұруы мүмкін.
Дұрыс емес әдеттер артық салмаққа әкеледі. Менің құрбым тамақты қанша жесе де толықтамайды. Ал мен бір кәмпит жесем де, салмақ қосамын. Мұра етіп берілген жай зат алмасу – толық болуға үкім емес. Ғалымдар семіз адамдарды зерттеген кезде жаман гендерді тек 62-63% емделушіден тапқан. Ал артық калорияны 97% емделушінің тамақтану үлесінен байқаған.
Қалай десек те, адам артық тамақ жегеннен салмақ қосады. Егер сіз қолданғанға қарағанда көбірек энергия жұмсасаңыз, май кетеді – гендер бұл процестерге кедергі бола алмайды. Ол үшін жолы болған құрбыңызға қарағанда көбірек қозғалып, азырақ тамақ жеу керек.

Массагет.кз
22 қазан 2018 ж. 1 759 0