Сізге күн сайын қанша калория керек ?
Калория деген не?
Калория – қуат (энергия) мөлшерін есептейтін бірлік. Калория десе бірден есімізге тамақ түседі. Алайда ол энергияға қатысты заттың барлығында болады. Мысалы 1 литр бензинде 1 750 000 калория болады.
Көбінесе килокалория мөлшері тағамдардың сыртында, фитнес залдарында, жүгіретін жолдарда экран бетінде жазулы тұрады. Барлық жерде бірдей жазылмайтындықтан, өзіміз де есептей білуіміз керек.
Калория қалай жұмыс істейді?
Тыныс алу, қозғалу, бір ағзадан екінші ағзаға қан тарату үшін, қысқасы өмір сүру үшін адамға қуат қажет. Ал қуатты тағамнан аламыз.
Тағамның калориясын мына көрсеткіш бойынша есептеуге болады:
- 1 г ақуыз = 4 калория
- 1 г көмірсу = 4 калория
- 1 г май = 9 калория
- Ерлер: 66 + (13,7 x салмақ, кг.) + (5 x бой, см.) - (6,8 x жасы)
- Қыздар: 655 + (9,6 x салмақ, кг.) + (1,8 x бой, см.) - (4,7 x жасы).
- Мысалы, ер адамның салмағы – 72 кг, бойы – 185 см, жасы – 25 делік.
- 66 + (13,7 * 72 кг) + (5 * 185 см) – (6,8 * 25) = 66 + 986,4 + 925 - 170 = 1807,4.
Ағза калорияны қорда да сақтайды. Тамақ ішпей жүрген кезіңізде қуат осы қордан алынады. Ал жаттығу жасаған кезде мына нәрсені ескеру керек. Зат алмасу жылдамдығы тек жүгіретін жолда артпайды. Жаттығудан екі сағаттан кейін де зат алмасу үдерісі жылдам жүзеге аса береді. Себебі метаболизм қалыпты жұмыс ырғағына түсуі үшін бірнеше уақыт қажет. Сондықтан фитнестен шыққан бойда таразыға тартылудың қажеті жоқ.
Егер салмақ тастағыңыз келсе, калорияны майдан емес, көмірсу мен ақуыздан көбірек алуға тырысыңыз. Сонымен бірге күнделікті жеген тағамдарыңыздың калориясы қозғалыс арқылы жұмсаған калорияңыздан аз болуын қадағалаңыз. «Таңғы асты өзің же, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты жауыңа бер» деген сөзді қазақ тегіннен-тегін айтпаған. Таңғы асты тойып жеу де артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Дереккөз: massaget.kz