Шотландияда ең ірі дизайн музейі ашылды
Шотландияның Данди қаласында ең ірі дизайн музейі ашылды.
Бұл «Виктория және Альберт» мұражайының филиалы. Оны салған жапон архитекторы Кэнго Кума. Нысан екі кеме пішінінде бой көтерген. Жергілікті билік тарихы ұмытылып бара жатқан көне қаланы жандандыру мақсатында осындай мұражай ашқан. Оны салуға 80 миллион фунт кетіпті. Бұл жоспарланған сомадан екі есеге артық шығып отыр. Қазір ішінде 12 мың экспонат, XV ғасырға тиесілі кітаптар мен маталар бар. Сонымен қатар әйгілі актерлардың фильмде киген костюмдері қойылған. Данди қаласы мэрі енді шаһарға жылына жарты миллион турист келеді деген ойда. Алайда жергілікті тұрғындар «ғимаратты тұрғызуға тым көп қаражат бөлінген» дейді.
24.kz