Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Эквадорлықтар қазақтың ұлттық ойынына қызығып жүр

Эквадорлықтар қазақтың ұлттық ойынына қызығып жүр

Тоғызқұмалақ ойынын Эквадорда сүйіп ойнайтын азаматтар бар. Кейінгі бір жылда халық өз еркімен үйірме ашып, қазақтың ойынын дә­ріп­теп жүр.

Эквадорлықтар қазақтың ұлттық ойынына қызығып жүр

Хуан Карлос тоғызқұмалаққа қы­зық­қаны сонша, арнайы тақтасы болмаса да, ойнаудың амалын тапқан. «Өз тақтам болмаған соң, жапонның го ойынының тастарын алдым да, ойын карталарын отау етіп тізіп қойдым. Ал ақ тастарды тұздықты белгілеу үшін қол­данамын. Бір жағына қызыл карталарды, екінші жағына қара карталарды қойып, кімнің бастаушы, кімнің қостаушы екенін де шешуге болады», дейді ол. Бұл елге то­ғызқұмалақты әкелген – колумбиялық Хер­ман Гонзалес есімді азамат. Олар ойынымызды Эквадордағы жалпыхалықтық ойын еткісі келеді екен. Талабымыз да, талантымыз да бар, тақтамыз жоқ дейді.
10 шілде 2024 ж. 76 0