Абайдың ең сүйікті ойыны
Ұлы ақын Абайдың ең сүйіп ойнайтын ойыны болып саналған тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл ойынның 4 мың жылдық тарихы бар. Қазақтардан бөлек, тоғызқұмалақты қырғыз, қарақалпақ, алтайлықтар да ойнайды. Халық арасында оны «Қойшылар алгебрасы деп те атайды. Тоғызқұмалақты ең бірінші өріске қойларын жусатып жіберген қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Осылайша ел аузында жеткен аңыздарда тоғызқұмалақ қойшылар үшін керемет ермек болған. Бұл ойынның пайдасы тірек-қимыл жүйесіне, қолдың қозғалысына, саусақ ұштарының жандануы мен ойлау қабілетіне пайдасын тигізеді.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы екі адамның қатысуымен арнайы тақтада ойналады. Тақтаның беті 18 ұяшыққа ойылған. Ұяшық отау деп аталады. Әрбір ойыншының тоғыз-тоғыздан отауы, құмалақ жинайтын бір-бірден қазаны болады. Сондай-ақ тоғыз отауға 81 құмалақ тиесілі. Ойын жеребе тастау арқылы немесе ойыншылардың келісіммен басталады. Тоғызқұмалақшылардың айтуынша, жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп ұйымдастыралады. Жүріс жасау үшін оң жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды солдан оңға қарай таратамыз. Таратылған құмалақ қарсыластың таратылған отауына түсіп жұп қылса, оның қазанындағы құмалақты ұтып аласыз.Еліміздің барлық аймақтарында ұлттық ойынды дамытуда іргелі істер атқарылып, түрлі деңгейде жарыстар ұйымдастырылып келеді. Осы орайда 16 ақпанда Қызылорда облысы Мәншүк Мәметова атындағы колледжде тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті. Аталған жарысқа 7команда қатысты. Ауданымыздың намысын «Шиелі индустриялды-аграрлық» колледжінің студенттері Айсана Шекерек, Бағдәулет Наурызханұлы, Наурызбай Үсеновтер қорғады. Жерлестеріміз топтық кезеңде өнер көресетіп I орын алды. Осындай спортшылар ауданның көшін алға сүйреп, спорттың дамуына ат салысып келеді.
Шапағат Тілеубай