669 баланы құтқарған
Дүниеде мейірімді жүректен артық не бар? Ең ұлы істің, ең сұлу сөздің, ең нәзік гүлдің, ең мөлдір көздің тұңғиығы мейірімде жатыр. Бүгін айтқымыз келіп отырған Николас Уинтон есімді жанның әр демі мейірімнен тұрады десек, артық айтпаған болар едік. Ол жан шыдатпас азаптан 669 еврей баласын құтқарып қалған.
Алып жүрек иесі 1909 жылы Лондонда дүниеге келген және 106 жасқа дейін өмір сүрген. Қарапайым еврей отбасынан шыққан Николас табысты брокер болып қызмет атқарған. Ол қаншама жанның өмірін тағдыр талайынан қалай құтқарып қалды?
1938 жыл. Қыркүйек айы. Ұлыбритания, Франция, Италия және Германия мемлекеттерінің басшылары «Мюнхен келісіміне» қол қойды. Құжат бойынша Чехословакияның Судет облысы Германияға өтуі керек. Ал бұл облыста қаншама еврей отбасы тұратын. Немістердің еврейлерге деген көзқарасын, көрсеткен азабын айтпасам да, біліп отырсыз.
Ұлы мейірім көші осы кезде басталған. Николас балаларды құтқарамын деген шешімге келеді. Ол жетімдердің, ата-аналары қамауға алынғандардың, науқастардың, кедейлердің тізімін жасайды. Күн сайын Праганың айналасында босқындар лагерьлерін аралап, бәрін хабардар етеді. Балалар Англияға кетуі үшін оларға үй-жай, қамқоршы табады. Өз қалтасынан бәріне ақша береді. Істің барлық кем-кетігін толықтырып, жүйелеп алған соң, 7 пойызға 669 баланы отырғызып, өлім мен азап тұзағынан алысқа алып кетеді.
Одан кейін қаһарлы соғыс басталды. Уақыт зымырап өтіп, барлығын өз орнына қойды. Ал Николастың ерлігі туралы тірі жан білмеді. Иә, бұл іс 49 жыл бойы құпия күйде жатты. 1987 жылы әйелі оның ескі жазба кітапшасын кездейсоқ тауып алады. Солай ғаламға ізгілігін шашқан із күллі әлемге әйгілі болады.
1988 жыл. BBC арнасы Уинтонды ток-шоуға шақырады. Мұны естіген батырымыз аң-таң. Ал жүргізуші оның қайырымды ісі туралы айтқанда, тіптен таңғалады. Дегенмен тосынсый мен таңғажайып сәттер мұнымен бітпеді. Залда Николас 50 жыл бұрын өмірін сақтап қалған балалар да отыр. Мейірімді жүрек иесі оларды көргенде көзіне жас алды. Мейірім көші осымен аяқталды деп ойласаңыз, қателесесіз. Ол ешқашан аяқталмайды.