Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Disney 7 мың қызметкерін жұмыстан шығара бастады

Disney 7 мың қызметкерін жұмыстан шығара бастады



Disney компаниясы жазға қарай 7 мың жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр. Қысқарту үш кезеңде жүзеге асырылады. Бүгінде қысқартуға ұшыраған қызметкерлердің бірінші легі жұмыстан шығарыла бастады.

Компанияның бас атқарушы директоры Боб Игердің айтуынша, барлық шаралар жөніндегі ақпарат төрт күн ішінде хабарланады. 
Келесі айда одан да көп қызметкер жұмыстан босатылатыны айтылды.
«Жұмыстан шығарудың екінші легі сәуір айында басталады. Жазға дейін 7 мың жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отырмыз», деп қосты Боб Игер.
Мұндай шара Disney шығындарын 5,5 миллиард долларға қысқартуға мүмкіндік бермек.
Жұмыстан босату компаниялардың барлық бөлімшелеріне, соның ішінде Дисней саябақтары мен курорттарына, ESPN спорттық телеарнасына, сондай-ақ медиа мен дистрибуцияға елеулі әсер етеді.
Айта кетсек, Disney ағындық бизнесі Disney+, Hulu және ESPN+ компанияларынан тұрады. Тек Disney+ 2,4 миллионға жуық ізбасарларын жоғалтты, ал компанияның клиенттерге тікелей көрсетілетін қызметтері осы жылдың бірінші тоқсанында 1,05 миллиард доллар шығын әкелді.
Биыл Disney акциялары шамамен 8%-ға өскенімен, өткен жылы олар 44%-ға төмендеген. Компания басшылығының бағалауы бойынша, 2024 жылға қарай Disney ақша жоғалтуды тоқтатуы керек.
28 наурыз 2023 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031