Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнеткерлерге белгісіз біреу сәлемдеме жіберген

Зейнеткерлерге белгісіз біреу сәлемдеме жіберген

АҚШ-тың Массачусетс штаты, Эктон қаласында тұратын зейнеткерлер отбасына белгісіз біреу сәлемдеме жіберген.Келли Гэлливандар бұндай сәлемдемені алғаш рет 2017 жылдың қазанында алған. Содан бері үйлеріне апта сайын Amazon онлайн-дүкенінен алынған екі қорап келіп жүр. Қораптың ішінде пластик желдеткіш, телефонға арналған қуаттау құралы сияқты арзан ұсақ-түйек заттар бар. 
Гэлливандар бұл заттарға тапсырыс бермегенін, заттың ақшасын төлемегенін айтады. Бірақ сәлемдеме тауарлар келуін тоқтатпайды. Зейнеткерлер бұны кім жіберіп жүргенін анықтап көрмек болған, бірақ ақыры кім екенін біле алмаған. 
Amazon өкілдері жіберген адамның атын білмейтіндерін айтқан. Белгісіз адам тауар құнын банк арқылы емес, сертификат арқылы төлейді екен, бұл оның кім екенін білуге мүмкіндік бермейді. 

"Біз қарапайым адамдармыз, бұндай іске араласқымыз келмейді. Бірақ сәлемдеме әлі келіп жатыр", - дейді 68 жастағы Келли Гэлливан. 
Сарапшылардың пікірінше, зейнеткерлер интернет-дүкеннен пайда табатын алаяқтардың құрбанына айналып отыр.   Today.kz 
11 ақпан 2018 ж. 919 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031