Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бангладеште найзағай түсіп, бір тәулікте 14 адам көз жұмған

Бангладеште найзағай түсіп, бір тәулікте 14 адам көз жұмған


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір тәуліктің өзінде Бангладештің 6 аймағында 14 адам найзағай түсіп қаза болып, 1 адам зардап шекті. Бұл туралы Dhaka Tribune жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Екі айдың ішінде Бангладеште найзағай түсіп, 126 адам қайтыс болған. Олардың 21-і әйел, 7-еуі бала және 98-і ер адам. Олардай басым бөлігі – егістікте жұмыс істеп жүрген кезде немесе мал жайып жүргенде қаза болған. Сондай-ақ, мамыр-маусым айларында табиғи апаттан 53 адам зардап шеккен.
Бангладештің солтүстік өңіріндегі Майменсингх ауданында балық аулап отырған жас жігіт найзағайдан көз жұмып, оның інісі қатты зардап шеккен.
Сонымен қатар, Бангладештің батысындағы Чуаданга ауданында атокөлікке көкөніс артып жатқан 3 адамға найзағай түсіп, олар сол сәтте тіл тартпай кеткен. Ал елдің орталық бөлігіндегі Сунамгандж ауданында балық аулауға барған әкесі мен оның 12 жасар ұлы найзағай түсіп, қаза болған. Дер кезінде ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер оларды құтқарып қала алмады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Моңғолияда найзағай түсіп, 1300-ден астам мал шығын болды.
15 шілде 2019 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9179)

20 ақпан 2024 ж.

№14 (9178)

17 ақпан 2024 ж.

№13 (9177)

13 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
26272829