Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рамазан айында жайылған ең ұзын дастархан Гиннесс рекордтар кітабына енді (фото)

Рамазан айында жайылған ең ұзын дастархан Гиннесс рекордтар кітабына енді (фото)

Мысырда жеті мың адамға арнап жайылған ең ұзын дастархан ресми түрде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Сенбі күні әкімшілік астанада жалпыға бірдей ұйымдастырылған ауызашар дастарханының ұзындығы 3 шақырым 189 метр 83 сантиметрді құраған.
Осылайша, пирамидалар елі Аджман әмірлігіндегі (БАӘ) 2900 метрлік рамазан дастарханын басып озды.


Одан бөлек, жақында Гиннесс рекорды Мысырда тағы бір рет тіркелген еді. Мамыр айының ортасында әлемдегі ең кең аспалы көпір қолданысқа берілген: Ніл арқылы салынған алты жолақты көпірдің ұзындығы 540 метр, ені 67,36метр.


Анықталғандай, рекорд туралы ресми сертификат Каирге жексенбі күні табысталды.
Айта кетейік, мұсылмандардың қасиетті рамазан айы аяқталуға жақын. Алда ораза айт мерекесі.
02 маусым 2019 ж. 679 0