Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Иманбек АЭС-ке барып, жаңа трегіне атом дыбысын жазды

Иманбек АЭС-ке барып, жаңа трегіне атом дыбысын жазды

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) AtomSound музыкалық киножобасының аясында өзінің жаңа трегіне атом дыбысын жазу үшін Ресейдің Ленинград қаласындағы атом электр станциясына барды. Бұл туралы Gazeta.Ru-ға жобаның авторлары хабарлады.
"Музыкалық продюсер ретінде мен үшін өз жұмысымның ғылыми, теориялық бөлігін түсіну маңызды. Көптеген музыканттар шабытпен жасайды, бірақ шабыттың артында ғылым - гармоника, акустика да бар. Шабыт та ғылымның бір түрі деп айтуға болады", - деді Иманбек.

Авторлар музыканың энергия тасымалдаушысы екенін дәлелдейтін деректі фильм жасайды. Атом дыбысын жазу идеясы қарапайым тезистен туды: дыбыс толқындары - атомдардың реттелген тербелісі. Көрермендер диджеймен бірге дұрыс дыбысты табу жолында жүріп, музыкант жұмысының түпкілікті нәтижесін ой елегінен өткізеді.
"Олар айтқандай, кез келген жеткілікті дамыған технология сиқырдан ажыратылмайды. Біз бұл сиқырды фильмде зерттеуге тырысамыз. Елестетіп көріңіз: дыбыстың негізі атом болатын дыбыстардан трек жасаса қалай болады", - дейді Грэмми жеңімпазы.


---
02 желтоқсан 2021 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930