Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жыл жаңалығы": Иманбек Ресейлік GQ журналының жүлдесін жеңіп алды

"Жыл жаңалығы": Иманбек Ресейлік GQ журналының жүлдесін жеңіп алды

Иманбек Зейкенов Ресейлік GQ журналының "2021 жылғы ерлер" жүлдесінің "Жыл жаңалығы" аталымын жеңіп алды. Музыкант жүлдесімен түскен суретін өзінің сторисінде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

GQ журналы биылғы жеңімпаздар тізімін жариялады. Онда Қазақстаннан шыққан тұңғыш "Грэмми" сыйлығының иесі, музыкант Иманбек жайлы: 
"Grammy сыйлығы, аудиоплатформалардағы миллиардтаған тыңдалым мен әлемдік музыкалық лейблдар мен компаниялармен келісімшарттар. 
Рэпер SAINt JHN-нің Roses трегіне ремикс жасаған қазақстандық жас диджей мен продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл тек бастамасы деп сенеміз", – деп жазылған.
Осы санатта ресейлік Федор Федотов, Владимир Онохов, Soda Luv пен Евгений Сангаджиев марапатталған.


https://stan.kz
17 қыркүйек 2021 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930