
Қазақстанның басым бөлігінде қар, қатты жел мен көктайғақ күтіледі
Синоптиктер 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» болжамы бойынша Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар, қатты жел мен көктайғақ күтіледі. Мұндай күрделі метеорологиялық жағдайлар Батыс Сібірдің үстіндегі терең және белсенді циклонмен байланысты...