Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарапшылар: газдалған сусындарды күнде ішу артық салмақ жинауға себепші болады

Сарапшылар: газдалған сусындарды күнде ішу артық салмақ жинауға себепші болады



Астана, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары 6-шы Ұлттық зерттеудің (2015ж.) деректері бойынша Қазақстанда артық дене салмағының және семіздіктің таралуы 42,5% құрайтынын айтты. Республикадағы ересек тұрғындар арасында артық дене салмағы – 33,3%, яғни әйелдерге қарағанда еркектерде 1,2 есеге көп.
2015-2016 жылдары мультиорталық зерттеу – балалар семіздігін қадағалау бойынша COSI – Еуропалық бастама жүргізілген. Оған 8-10 жас аралығындағы 5537 бала қатысты. Зерттеу көрсеткендей, 10 баланың 2-уінде артық салмақ немесе семіздік бар.
Сіздер ванильді латте құрамында 11 шай қасық қант (бір шай қасықта 4 грамм қант), тәтті шайда 11,25 шай қасық қант, газдалған сусында 16,5 шай қасық қант, шырында 18,5 шай қасық қант, энергетикалық сусында 19 шай қасық қант бар екендігін білесіздер ме?
Газдалған судың бір қаңылтыр банкасын күнделікті пайдалану 7 кг салмақты жинауға әкелуі мүмкін. Бұл туралы инфографика жариялаған болатынбыз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күніне 25 грамм қанттан немесе 6 шай қасық қанттан артық қолданбауды ұсынады. Бұл ретте қант тәттілерде ғана емес, сонымен қатар ол болмауы тиіс өнімдерде де болады.
Судың дәмін келтіру үшін лимон, қияр, қарбыз қосуға болады, газдалған сусынның орнына газдалған су ішуге болады.
Құрамында тәтті бар сусындар аштық сезімін аз ғана уақытқа азайтады, бұл мүлдем тамақ мөлшеріне әсер етпейді, сондықтан адам тамақты артығымен жейді. Бірақ ағзаға келіп түсетін «жеңіл көмірсулар» пайдаға асырылып, ол көбінесе майға айналады.
Кез келген газдалған су қышқылдан тұрады – залалсыз көмір қышқылдан (ол газ бен суға бірден ыдырайды), ортофосфор қышқылына дейін, ортофосфор қышқылы тек тісті ғана емес, тіпті шегені де ерітеді. Бала кезден кофеинді қолдану ағзаны осы «допингке» әдеттендіреді, сол кезде ересек адамдарда қан тамырлы дистония және кофеинге тәуелділік ықтималдығы көбірек туындайды.
Ортофосфор қышқылының құрамындағы фосфор сүйектердегі кальцийді азайтуы мүмкін. Балалардың сүйегі өсіп жатқан кезде тіпті аздаған зат алмасуының бұзылуы болашақта күрделі мәселенің себебі болуы мүмкін. Гарвард медицина орталығының статистикасы бойынша, 14 жастағы қыздар арасында сүйек сыну ықтималдығы және сүйек қалыптасуының бұзылуы кола ішкендерде 5 есеге жоғары болады.
Зат алмасудың бұзылуы және артық салмақ өзінен-өзі кальцийдің жоғалуына мүмкіндік береді. Ас қорытудың және сіңірілуінің бұзылуы аурудың өрбуіне әкеледі.
Артық салмақ пен семіздік гипертонияға және қант диабетіне әкелуі мүмкін, ал болашақта кеселге ұшырап, өте ауыр жүрек-қан тамыры ауруларына шалдықтырады.
Baq.kz
21 қараша 2018 ж. 971 0