"ҰЛТТЫҚ МҰРА" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: «ҰЛТТЫҚ МҰРА - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұлттық мұра – ұлт қазынасы» атты танымдық-шығармашылық сайыс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді насихаттау және өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру.

Сайыстың ашылуында «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғабит Мыханов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық мұраны сақтау мен ұрпақ сабақтастығын нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар ұлттық салт-дәстүр, өнер және шығармашылық бағыттарында өзара бақ сынасты. Қатысушылардың өнері мен дайындық деңгейін арнайы қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған қатысушылар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған іс-шара ұлттық мәдениетті насихаттауға, жастардың рухани құндылықтарға деген құрметін арттыруға және қоғамда ұлттық мұраға деген қызығушылықты нығайтуға бағытталды.
#AMANAT
#ҰЛТТЫҚМҰРА