Халал асхана ашылмақ
Ауданда ажарына қызметі сай мейрамханалар саны күн өткен сайын артып келеді. Аттарын атап, саусақпен санасақ бүгінде аудандағы мейрамханалар саны жиырмадан асып жығылады. Бұл, әрине, тойшыл халықтың жағдайының жақсарғанының бір көрінісі. Бірақ, құдайы ас беруге арналған, яғни, даңғаза ән айтылмайтын, ішімдік ішілмейтін мейрамханалар әлі күнге жоқ екені де жасырын емес.
Баяғыда шатырда өтетін тойлар біртіндеп мейрамханаларға көше бастады. Даяршылар ауылдағы келіндердің орнын алмастырып, біраз әурегершілікті азайтты. Мұнда көше жағалап самаурын мен үстел жиналмайды. Жалға алатын шатыр мен ыдыс-аяқ та керек емес. Блоктап су мен азық-түлік тасымайды. Ыдыс-аяқ түгелдеп, оларды жумайды. Бас жазатындар емес, тойға тек шақырылғандар ғана келеді. Ақша бересің, өзіңнің тойыңа өзің қонақ болып барасың.
Бұл процестің аяғы құдайы астармен жалғасты. Басында ерсі көрінгенімен, кейін бұған да халық қалыптасты. Әуелгіде танымал жандарға арналған астар беріле бастаса, соңы айлардың сұлтаны болған Рамазан айындағы ауызашар беруге дейін барды. Дегенмен, арақ төгіліп, түрлі күнәлар орын алатын орындарда құдайы ас берген қалай болады деген сұрақтар көптің көкейінде сақталып келді. Тіпті, бұл туралы ашық айтылған ойларға сүрінген кездеріміз де болды.
Аталмыш тақырыптың иісі жақында аудандық мешіттен де сезілді. Бұл жолы жәй әңгіме емес, осы мәселенің нүктесін қою мәселесі еді. Кент ардагерлер ұйымының ұйымдастырған басқосуға мешіт жамағаты, ардагерлер қатысты. Ойларын ортаға салып, шешілмей тұрған түйінді тарқату жолдары қарастырылды.
Жиын барысында мешіт маңында бос жерге 250 орындық асхана салуды көп қолдады. Ол үшін мамандардың есебі бойынша 30-35 млн. теңге жұмсалатын көрінеді. Жомарт жандар мәрттігін танытып, жамағатқа үлгі көрсетті. Атап айтсақ, ардагер Жеңіс Әлжанов 1 айлық зейнетақысын асхана құрылысына қосамын деп шешсе, байсындық ардагер Шәкизада Әбдімомыновта қаржылай қолдау көрсететінін жеткізді.
Қасиетті құран кәрімде «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» делінеді. Алла елшісі де хадисінде «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар» деп жақсылық жасауға үндейді. Жақсылық жасау мен жомарттықтың үлгісін сахабалардың өмірінен де кездестіруімізге болады. Осыған қатысты шыншылдығымен белгілі екінші халифа Омар ибн әл-Хаттап басынан өткен бір оқиғаны былайша баяндайды: «Исламның кең таралуы үшін Расулалла бірде жәрдемдесуімізді бұйырды. Бұл менің байлығымның ең көп кезі еді. Ішімнен «Ей, осы бүгін Әбубәкірден озбасам ба?» дедім. Содан, мал-мүлкімнің жартысын Алла елшісіне әкеліп табыс еттім. Алла елшісі «Ей, Омар! Отбасыңа не қалдырдың?», – деді. «Дүние-мүлкімнің жартысын қалдырдым», – дедім.
Біраздан кейін Әбубәкір келді. Ол мал-мүлкін тегіс алып келген екен. Расулалла (с.ғ.с.) одан, «Ей, Әбубәкір, сен отбасыңа не қалдырдың?», – дегенде оның жауабы мынау болды: «Оларға Алла мен Расулының сүйіспеншілігін қалдырдым». Мұны естіген мен «бұдан кейін жақсылық жасау жолындағы жарыста Әбубәкірден ешқашан оза алмаспын» деп түйдім».
Иә, жақсылық жасаудан сахабаларға жете алмасымыз анық. Бірақ, қолдан келгенше аянбай, шамамыз жеткенше жақсы істерге құмартуымыз керек. «Садақа – ақыретке еккен егінің», – дейді. Құрылысы басталғалы тұрған асхана баршаға ортақ дүние.
Түркия елінде 80 мыңға жуық мешіт бар. Мешіт көп болғандықтан онда келушілер саны аз болады екен. Бірақ, құрылысы аяқталмаған «Жемесемде тойдым» деп аталатын мешіттен адам аяғы үзілмейтін көрінеді. Оның өзіндік сыры да бар.
Мешіт салуды армандап, бірақ, қалтасы жұқа мұсылман күнде түскі асын ішуге асханаға барып, дәмді тағамдардың иісін иіскеп, «Жемесемде тойдым» деп, ақшасын үнемдеп, мешіт салуға жинайды. Осылай жүріп, мешіттің қабырғасын белге дейін өріп, екі мұнарасын ғана көтеріпті. Осы кісінің ниетіне байланысты, бүгінгі күні сол мешіттің шатыры болмаса да қысы-жазы адам үзілмейді екен.
Сондықтан, ең бастысы ниет түзу болуы керек. 250 орындық асхана құрылысын жүргізу оңай емес, әрине. Бірақ, сексен мыңнан астам халық ауызбіршілік танытып, демеушілік көрсетсе бұл да бір біткен іс болатыны анық.
Ал, көмек қолын созамын десеңіз орталық мешіттің бас имамы Бақыт Ұлжаев пен комиссия төрағасы Әбдішүкір Батырмаевқа хабарласуларыңызға болады.
Ерұлан ДАТКЕНОВ.