Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы
18 ақпан күні Қазақстан аумағымен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіліп, жауын-шашын жауады. Республиканың оңтүстігіндегі тауларда жауыш-шашын қатты болады. Еліміздің кей өңірлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел болады. Ақмола облысында желдің екпіні 25 м/с жетеді.Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, Павлодар облысында оның күші 28 м/с артады.Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында жаяу бұрқасын, тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады, желдің екпіні 15-22 м/с жетеді.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдерінің ауданында жел 20-25, түнде екпіні 29 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с жетеді.
inform.kz