Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?


Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 13 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты

Көптен бері басшылыққа, мемлекеттік және құқықтық мекемелерге өтініш білдіруді ойлап жүрсеңіз, бүгін соның сәті түсіп тұр. Сонымен қатар бұл күні іскерлік және жеке кездесу, сондай-ақ маңызды құжаттар дайындау күтіп тұр. Қандай да бір қиындық туындаса артқа шегінбеңіз. Саяхатқа, серуенге шығуға сәтті күн. 

Торпақ
Маңызды істерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін күн. Бойыңыздағы күш-қуатыңызды пайдалана отырып, қаржылық жағдайыңызды жақсарта аласыз. Бұл сізге сенімділік берері анық. 

Егіздер
Өзіңіз бен жақындарыңыздың көңіл-күйін көтеретін кеш ұйымдастырыңыз. Бірақ ішімдік пен көп тамақтанудан ақтаныңыз. Егіздер белгісіндегі нәзікжандар үй шаруасынан қолы тимейді. Соңғы күндері шешімін таппаған мәселелерді ойлап бас қатырасыз. Балаларыңыздың әңгімесін тыңдап қуанып қаласыз. 

Шаян
Күннің алғашқы жартысы жақын жандарыңызбен әңгіме-дүкен құруға қолайлы. Сіздің еңбекқорлығыңыз көпшілікті тәнті етеді. Сондай-ақ бұл күн күтпеген оқиғаларға толы болуы мүмкін. Төрт күннен соң бүгін көрген түсіңіз орындалады. 

Арыстан

Бүгін жұлдыздардың өзі сізді қолдап, қорғайды. Звезды вновь берут вас под свое покровительство. Өмірлік ұстанымыңыз өте жоғары. бұл ұстанымдарыңыз арқылы жұмыста да, жеке өміріңізде де табысқа жетуге болады. Серіктестердің көмегімен мансабыңыз жоғарылауы немесе мол қаржыға ие болуыңыз мүмкін. не болмаса ұтысқа ие боласыз, әйтпесе досыңыздан сыйлық аласыз. 

Бикеш 
Көңіл-күйіңіз жоғары. Сүйікті адамыңызбен романтикалық кездесу ұйымдастырасыз. Басы бос «бикештер» өмірлік серігін кездестіреді. Нәзікжанды «бикештерді» тосынсый немесе жақсы жаңалық күтіп тұр. Бикеш белгісіндегі ер адамдарды орындауы қажет міндеттер күтіп тұр.

Таразы
Мақсатқа жету үшін нақты шешім шығарып үйреніңіз. Мәселені шешу үшін қатып қалған ережемен жүрудің қажеті жоқ. Тәуекелге бел буған екенсіз, бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіңіз. Бұл күні сізді қуантатын кездесу күтіп тұр. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. 

Сарышаян
Өзіңіздің талантыңызды танытатын кез келді. Жұлдыздар жұмыста, оқуда және жаныңыз қалайтын істе де белсенді болу қажет екендігін ескертеді. Сонымен қатар бұл күн үйде тазалық немесе жөндеу жұмыстарын жасауға әбден қолайлы. Базар аралауға да өте сәтті күн. Балаларыңыздың сабақ үлгерімін қадағалап, олардың ойын біліңіз. 

Мерген 
Бүгін белсендірек болыңыз. Өзіңіздің біліміңізді дамытатын, ой-өрісіңізді кеңейтетін істермен айналысыңыз. Достарыңызбен, жақындарыңызбен кездесуге барып, жақсы көңіл-күйде боласыз. Бос уақытыңызда денсаулығыңызды қалыпқа келтіретін жаттығулар жасаңыз. 

Тауешкі 
Таңертеңмен шытырман оқиғаларға кезігесіз. Шешілмеген мәселелер мен орындалмаған міндеттерді тез арада орындауға тура келеді. Барлығы сіздің көмегіңізге зәру. Қосымша табысқа кенелтетін жаңа таныстықтар немесе күтпеген жағдайлар орын алады. 

Суқұйғыш
Жұлдыздар әріптестермен басқосуға, таза ауада серуендеуге кеңес береді. Жақын туыстарыңыз немесе балаларыңызға көп көңіл бөліңіз. Оларға сіздің қолдауыңыз қажет. 

Балықтар 
Жағдайды бағамдап, басқалардан бұрын қадам жасаңыз. Үй шаруасына және отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Отбасы мүшелеріне жұмсақ мінез танытыңыз. Көңіл-күйіңізді көтергіңіз келсе, спортпен шұғылданыңыз, серуендеңіз немесе дүкен аралаңыз.
13 қаңтар 2019 ж. 845 0