Жұлдыздар не дейді?
Бүгінгі күннен бастап Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі өз оқырмандарына күн сайынғы жұлдыз- жорамалды назарға ұсынатын болады. Әр күніңіз сәтті болсын, оқырман!
Тоқты
Бұл күн сізге оңайға соқпайды. Күннің жайсыз болуы айналаңыздағы жағдайларға байланысты емес, оны сіздің қабылдауығңызда болып отыр. Бүгінгі көңіл-күйіңіз құбылмалы. Содан болар жақындарыңызбен ара-қатынасыңыз қиындай түседі.
Өз мүддеңізді ойлайсыз. Сондықтан біреуге жол беруді жөн санамайсыз. Жанжалдың басы осыдан басталатынын ойланыңыз. Орын алып жатқан оқиғаларға аса мән бермеуге тырысыңыз. Барлық түсініспеушіліктер өткінші екенін ескеріңіз.
Торпақ
Уақытты босқа жұмсамаңыз. Бұл күн пайдалы істер жасауға және маңызды мәселелерді, әсіресе, қаржылық мәселелерді шешу үшін өте ыңғайлы. Бұл күні қаржы талап ететін ұзақ мерзімді жоспарларды іске асыра бастауыңыз мүмкін. Сенімді көмекшілер мен одақтастар табыңыз, солардың арқасында көптеген қиындықтарды жеңе аласыз.
Бұл күн сондай-ақ, жаңа таныстықтар мен кездесу ұйымдастыруға қолайлы күні. Сіз тартымдысыз және көпшіліктің өзіңізге деген қызығушылығын арттырасыз.
Егіздер
Жұлдыздар сіздің жағыңызда, сондықтан бұл күні сіз үшін өтте сәтті болмақ. Сіз барлық іске жауапкершілікпен қарайсыз, сондықтан істеген істеріңіз тиянақты болады. Қиын әрі, ауқымды жобаларды қорықпай қолға алғаныңыз жөн. Қайсыбір істі қолға алсаңызда жарты жолда қалдырмасыңыз анық. Кез келген істі соңына дейін жеткізесіз.
Жұмыс барысында жолыңыз болғанымен, жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түспек. Отбасындағы шағын келіспеушіліктер болуы мүмкін, бірақ оның барлығы уақытша. Ғашық жандар қызғанышқа бой алдырып, бірақ көп үзамай барлығы орнынан келеді.
Шаян
Отбасылық мәселелерге әдеттегіден де көп көңіл бөліңіз. Бұл күні жақын адамдарыңыздың мәселелерін тез және оңай шешуіңіз мүмкін. Сүйікті адамыңызбен сырласыңыз. Маңызды мәселелерді талқылап, алдағы уақыттағы қиындықтардың алдын аласыз. Ескі достармен кездесіп бір қуанып қаласыз. Олардың сізге жақсы жаңалықтары бар.
Түстен кейін сый-сияпаттарға ие боласыз. Қаржылайда сияпатқа ие болуыңыз мүмкін. Осы күні кейбір шаян белгісіндегі жандарға шығармашылыққа немесе бизнеске қатысты қызықты ойлар келуі ғажап емес.
Арыстан
Қарым-қатынас тұрғысынан күрделі күн. Тіпті жақын жанмен келісу де қиынға соғып, араларыңызда бір-біріңізге талапта қоюларыңыз мүмкін. Кез-келген бірлескен қызмет шыдамдылық пен өзін-өзі бақылауды қажет етеді. Кездесулерге бара қалсаңыз, олар сіз күткендей оңай әрі жағымды болмайтынына дайын болыңыз.
Өзіңізге оң эмоцияларды алудың ең жақсы тәсілі – өміріңізге аз-кем өзгерістер енгізіңіз. Бұл өзгерістер өміріңізді жаңа арнаға түсіруге мүмкіндік береді. Көптеген «арыстандарды» кішігірім сапарлар мен күтпеген кездесулер қуантады.
Бикеш
Барлығы біркелкі емес. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін күш салу қажет. Әдеттегідей кездейсоқ қиын жағдайға тап боласыз, кейде мұндай қиындықтарды өз еркіңізден тыс тудырып алуыңыз мүмкін.
Кез келген істі кейінге қалдырмай, дер кезінде орындағаныңыз жөн. Сонда ғана серуенге, достармен кездесуге, спортпен шұғылдануға бос уақытыңыз болады. Мұның бәрі көңіл-күйіңізді айтарлықтай жақсартады.
Бұл күні жаңа істі бастауға таптырмас уақыт. Алайда бастаған істе табысқа жету үшін біраз уақыт қажет екенін естен шығармаңыз.
Таразы
Бүгінгі күн сіз үшін өте қарбалас, дегенмен өте қызықты болмақ. Әсіресе кездесу жоспарлаған жандар үшін өте қызықты болатыны сөзсіз. Сіз үшін өзгелерді сендіру, оларды жаңа идеялармен шабыттандыру, көмекшілер мен пікірлестерді табу қиынға соқпайды. Тіпті, сіз өзіңізді алғаш рет көргендерге сенім мен құрмет ұялаттырасыз. Бұл көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұл күні жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасты жақсарту мүмкіндігі пайда болады. Соңғы уақыттарда бір-біріңізді түсіне алмай жүрген жанмен тіл табысасыз. Сонымен қатар өзгелердің сізден жасырған құпияларын білетін боласыз.
Сарышаян
Бар күшіңізді жинаңыз. Бүгін күрделі тапсырмаларды орындауға және барлық сынақтардан өтуге күш салу қажет. Табандылық пен мақсатқа жету жолындағы әрбір ісіңіз айналаңыздағыларға ұнайды. Тіпті, көпшілік сізге өз көмегін ұсынатын болады.
Бұл күні көптеген сұрақтарыңызға жауап табасыз. Сондай-ақ бүгін қаржылық жағдай айтарлықтай жақсаруы мүмкін.
Мерген
Кездесулер үшін қолайлы күн. Сіз өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсете аласыз. Басқалар сіз үшін бас қатырып жүргенде, сіз сабырлық сақтап, әр ісіңізді ақылмен шешуге тырысасыз. Бұл арқылы күрделі жағдайларда жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ бұл күн жаңа бизнес бастау үшін өте қолайлы. Болашаққа жоспар жасап, идеяларыңызды бөлісу пайдалы. Олар, іске асырылуы мүмкін.
Тауешкі
Өте қиын күн. Өзіңізге қиындықпен келген істң оңай жоғалтып алуыңыз мүмкін. Іскерлік қарым-қатынаста абай болыңыз. Сізге берген уәделерге сеніп қалмаңыз.
Қаржылық құжаттарға қол қоюдан аулақ болыңыз. Орындалуы қиынға соғатын міндеттемелерді алудан аулақ болыңыз.
Күннің екінші жартысы жақын адамдармен сөйлесіп, маңызды мәселелерді талқылаумен өтеді.
Суқұйғыш
Өте сәтті күні. Жұмысыңызда табысқа жетесіз. Сіз өзіңіздің қабілетіңізді көрсетіп, бәсекелестеріңізді шаң қаптырасыз. Табысыңыз артып немесе қызметте жоғарылауыңыз мүмкін. Бұл күні жұмыс әдеттегіден әлдеқайда көп болса да, сіз шаршағаныңызды сезбей де қаласыз.
Өзіңіздің жақын адамдарыңызбен қарым-қатынаста мұқият болыңыз. Олармен жеке қарым-қатыста шешім қабылдауда асықпағаныңыз жөн. Дәл бүгін сіз әдеттегіден гөрі әлдеқайда қарапайым және беткейсіз. Кейін өкінетін істі жасаудан аулақ болыңыз.
Балықтар
Сізге бұл күні ерекше нәрсе керек. Жаңа сезімдерге ұмтылу қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан кейіннен өкініп қалатын істі жасамағаныңыз абзал. Дегенмен, әдеттегі мінезіңізден танбағаныңыз жөн. Әр іске сақтықпен қараңыз.
Көптеген балықтар белгісіндегі жандар бұл күні ескі хоббилерін есіне түсіреді. Бұл іс-әрекеттеріңіз жағымды эмоциялар беретіні анық. Ұзақ уақыт бойы көрмеген ескі достарыңызбен кездесу сіздерге қуаныш сыйлайды.