Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » хит әндердің авторы қаламақыны көбірек алады

хит әндердің авторы қаламақыны көбірек алады

   
Авторлық қаламақы бұдан былай музыкалық немесе басқа да шығармалардың ел арасындағы танымалдылығына қарай төленеді. Алматыда өткен «Абырой» республикалық қоғамдық бірлестігі авторларының жалпы жиналысында осындай шешім қабылданды. Сондай-ақ басқосуда ұйымның басшылық құрамы қайта сайланып, авторлық кеңес пен тексеру комиссиясының мүшелері бекітілді. Бүгінде «Абырой» авторлық қоғамына шығармашылықпен айналысатын 600-ден астам адам мүше. Алдағы уақытта абыройлықтар телеарналар мен радио, кафе мен мейрамханаларды жіті бақылауға аламыз деп отыр. Ереже бұзылған жағдайда ұйым заңгерлері аталған мекемелермен келісімшартты бекітіп, олардың заң талаптарын орындауын қадағалайды. Қаламақының 70%-ы авторға төленсе, 30%-ы «Абырой» авторлық қоғамының заңгерлеріне және өзге де шығындарды өтеуге жұмсалатын болады. Марс Суленов, композитор, «Абырой» авторлық қоғамының мүшесі: - Бір автордың он шақты әні бар хит болып жатады. Бір авторлардың 2-3 әні бар. Біреуі орындалады, біреуі орындалмайды. Енді олар көп ақша ала алмайды. Осы күнге дейін келген жүйені «Абыройда» теңестіріп тастады. 10 ән жазған автор бар, 1 ән жазған автор бар бәрі бірдей алып жатыр. Ол дұрыс емес.

13 желтоқсан 2018 ж. 923 0