Жолдау жаңғыртуды жеделдетеді
Елбасының 5 қазан күні жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, ҚР Денсаулық сақтау, Білім және ғылым вице-министрлері мен комитет басшыларынан құралған Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық ақпараттық-насихаттық тобы Сыр өңіріне келді. Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесінің бірі, өткен жылы Шиелі ауданының тұрмыс-тіршілігімен танысқан ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев аптаның сәрсенбісінде аудандық «Арман» мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті.
Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған кезекті Жолдауы елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқындап көрсетуімен ерекшеленеді. Табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған аса маңызды құжатта көрсетілген бағыттардың әрқайсысының орны бөлек. Жалпы, Елбасының бұған дейінгі Жолдаулары еліміздің алдындағы стратегиялық міндеттерді айқындауға бағытталса, биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталған. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов жүргізген кездесу барысында алдымызға қойылған аталмыш мақсат-міндеттер жайлы сөз өрбіді.
«Н.Назарбаевтың Жолдауы елімізде жүргізіліп жатқан жаңғырту процесінің таптырмас жалғасы іспеттес. Бұл жолы да сандық жүйеге басымдық бере отырып, 2025 жылға дейін «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының екінші тынысын ашу керектігін жеткізді. Яғни, атқарылар жұмыстың ауқымы кең» – дейді, көлік комитеті төрағасы Ә.Асаубаев. Сонымен қатар, үкіметпен мемлекеттік органдар жыл соңына дейін дамытудың аталған барлық мәселелерін қамти отырып, нақты индикаторлар мен жол карталарын әзірлеуге тиіс, сондай-ақ, реформаларды іске қосу үшін қажетті заң жобаларын уақтылы әзірлеп, Елбасының қойған мақсат-міндеттерін бірлесе атқарып, жоғары деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізуіміз қажет. Бұл 2018 жылдың бас бағдарламалық құжатында көрсетілген негізгі басымдықтар екенін де тілге тиек етті.
Одан әрі, аудан тұрғындарын қызықтырған индустрияландыру, өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй, туризм, агроөнеркәсіп сынды салалардың алдағы даму жоспарларымен бөлісті. Кездесуде еңбек ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Есіркеп Шәдібекұлы ауданымызда көптен бері шешімі табылмай жүрген «Самара-Шымкент» тас жолы бойындағы яғни, кенттің теріскей бетіндегі теміржол өткеліне аспалы көпір салу мәселесін қозғады. Соңғы жылдары ауданда көлік саны артты. Бұл жол қозғалысы мәселесіне айтарлықтай қиындық тудыруда. Көлік кептелісінде қалатын бұқараның түйінді мәселесін шешу үшін, өткен жылы аудан әкімдігі теміржол үстінен өтетін аспалы көпірдің жоба-сметалық құжатын әзірлеп, тиісті қаражаттың бөлінетінін сөз еткен еді. Алайда, көпір құрылысы басталмайынша көңілі тыншымайтын ардагерлер осы мәселенің ертерек оң шешім табуын сұрады. Одан соң, «Шиелі тас» мекемесінің басшысы жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен вагондардың жетіспейтіндігін жеткізді. Жиын соңын Шиелі ауданына арнайы ат басын бұрған көлік комитетінің төрағасы Ә.Асаубаев айтылған мәселелер төңірегінде нақты шешімдер қарастырылады деп түйіндеді.
Айнұр НАЗАРОВА,
(фото) Бақытжан Бәйімбет.