Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды


Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қоғамдық ке­л­­ісім кеңесі» от­ыр­ысы өтті. аудандық арагерлер кеңесінің төрағасы С.Оразымбетовтың төрағалығымен өткен жиында күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Алғаш болып мінберге аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Д.Төлеуов көтеріліп, баяндама жасады. Аудан көлемінде құқық бұзушылықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталған Д.Төлеуов өз баяндамасында 2018 жылдың 8 ай күнінде жолда жүру ережесін бұзғаны үшін жалпы 4962 құқық бұзушылық анықталып, 24 млн. 623 мың 592,5 теңге айыппұл салынғанын атап өтті. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың 458-і бейнебақылау камерасының көмегімен анықталып, жалпы 3 млн 915 мың 725 теңге айыппұл салынған. Оның 2 млн. 714 мың 780 теңгесі өндірілген. Штаб тобында орналасқан бейнебақылау камераларының көмегімен 9 бұзақылық, 12 бөтен мүлік ұрлығы қылмыстары әшкереленді. Бұл цифрландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бір парасы.
Бүгінде ауданымызда 16 бейнебақылау камералары барын көпшілік аңғара бермейді. Жолда жүйткіп келе жатқан көлік жүргізуші байқамай сызықтан өтіп кетіп немесе бағдаршамға да қарамай ереже бұзып жатса, ол автоматты түрде бейнебақылауға түседі. Бейнебақылауға түсті дегенше айыппұл төлейсіз. Жыл соңында мекенжайыңызға келіп түскен айыппұл сомасын көргенде барып ойланасыз. Сондықтан әрқашан жолда жүру ережесін ұмытпай, бейнебақылаудан сақтанып жүруді тұрғындарға да ескертуді жөн санадық. Сақтансаң, сақтайды деген сөздің мағынасы шындық.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге келер болсақ, мәдениет саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндаған бөлім басшысы И.Байкенжеев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ауданымызда атқарылып жатқан игі істерге кеңінен тоқталды. Руханиятқа ұмтылу ең бірінші кезекте патриоттық сананы қалыптастырады. Ал, ұлттық құндылықтар жастардың бойындағы сананы оятады. Жас ұрпақтың санасында туған елі мен жеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік пайда болады. Көкірегі ояу өреннің бойына туған еліне деген мақтаныш сезімін ұялату арқылы ұлттық рухты асқақтата аламыз деген И.Сәрсенбайұлы өз сөзінде тәрбие төркіні – мәдениет екенін нықтап айтты. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек деген Елбасы алдымызға айқын міндеттер қойды.
Талқыланған үшінші мәселе аясында білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен салаға қатысты мәселелер бойынша аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Даурен Насибеков хабарлама жасады. Бұл сала бойынша қабылданып жатқан өзгерістерге, жаңартылған білім аясында өтіп жатқан мектептердің жұмыстарына кеңінен тоқталды.

А.НАЗАРОВА
02 қазан 2018 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930