Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар тазалықты жақтайды

Жастар тазалықты жақтайды


Жастардың табиғатқа деген махаббатын ояту мақсатында кент орталығында тазалық шарасы өтті. Шараның өтуіне аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жас­тар ресурстық орталығы» және «Береке жастар» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды.
«Тазалық-ауыл көркі» тақырыбын арқау еткен іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – жастарды еңбекке баулу, олардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, бойындағы патриоттық сезімін қалыптастыру, ауданымыздың көркеюіне, абаттануына, тазалануына жұмыла үлес қосу,– дейді аудандық «Жастар орталығы» КММ-нің басшысы Айдана Маманова.
Акцияға барлық мекеме, аудан және ауыл жастары қатысты. Акцияға қатысушылар Ағыбай батыр көшесін күл-қоқыстан тазартып, көркейту жұмыстарын жүргізді. Еңбек мерекесі соңында А.Маманова жастарға алғыс айтып, алдағы уақытта да көпшілік болып атқаратын осындай жұмыстардан, мəдени-көпшілік шаралардан шет қалмауға шақырды.

Дина ӘБІЛАСАН.
25 қыркүйек 2018 ж. 2 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031