Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бар байлық – табиғи өнімде

Бар байлық – табиғи өнімде


Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы ел дамуының нақты қадамын айқындады. Ауданның жаңа белестерге көтерілуі даңғыл жолына түсуі осы сая­си құжаттың ерекшелігінде. Бұл ретте, музей қызметкерлері де ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрді насихаттап, қайта жаңғыртуға атсалысуда. Осы орайда, Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде «Бар байлық – табиғи өнімде» атты іс-шара өтті.
Шараға ауданның ардагерлері Ү.Мырзахметов, Е.Шәдібеков, Ә.Шорабаева және ауыл ақсақалдары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы И.Байкенжеев, аудандық ішкі-саясат бөлімінің бас маманы Г.Махан және №149 «Қызылту» орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында музей басшысы Құттықыз Ыханова сөз алып, бұл жолдау төртінші өнеркәсіптік әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу және елді мекендерде жастарымызды кәсіпке баулып, туған жерімізде өндірілген өнімдерді өндіру мақсатында өткізіліп отырғандығын айтып өтті.
Музей жанынан құралған Пернеш Жүсіпова бастаған әжелер тобы мектеп оқушыларына табиғи өнімдерді өндіру, оның пайдасы ұшан теңіз екендігін түсіндіріп, өз білгендерін айтып берді. Содан кейін, өскелең жас ұрпаққа қауыннан қақты қалай тіліп, кептіру керектігін көрсетті. Оның өріп дайындау жолдарын үйретті. Оқушылардың қызыққаны соншалық, түрлі сұрақтар қойып, шараның сәнін келтірді. Қауын құрттың жасау әдісімен бөлісті. Қауынды қайнатып оған сүзбе, талқан қосып дайындап шиге жайған соң, күннің астында кептіретінін айтты. Аудандағы ау тоқудың шебері Ибрагим Омаров балық аулауға арналған ау тоқудың түрлерін үйретті. Олар үштік, бестік, жетілік ауларды мектеп оқушыларына тоқып көрсетті. Қонақ ретінде келген ардагерлер кезінде тұрмыста қолданыста болған дүниелерді, бүгінде ұмыт болып бара жатқанын айта келіп, қайта жаңғыртып ұрпақ сабақтастығымен насихаттау керектігін айтты.
Еркін форматта өткен­ бұл шарада ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, жас­тар арасындағы бір қатар мәселелер ортаға салынды. Жиын аяқталғаннан кейін, осындай шараны аудан деңгейінде жиі өткізіп тұруды ұсыныс ретінде айтты.

Ж.Қауғанбаева.
22 қыркүйек 2018 ж. 1 231 0