Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕШЕ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ.

КЕШЕ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ.



Аймақ басшысының бастамасымен Қызылорда облысында 2018 жыл-кәсіпкерлікті қолдау жылына орай 2018 жылдың 19 қыркүйек күні Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі, "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі мен "Береке жастар" қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып "Кәсіпкерлік - табыс кілті" тақырыбында аудандық жас кәсіпкерлер форумы өткізілді.
Аталмыш форумның мақсаты - аяғынан нық тұрып кеткен бизнесмендермен жас кәсіпкерлерді жолықтырып, өзара пікір алмасуына жағдай жасап, жас буын мен орта буын арасында тәжірибе алмасуға мұрындық болу, жастар кәсіпкерлігінің басты бағыттарын айқындау, олардың кәсіпкерлікке деген құлшынысын ояту және жастар арасында кәсіпкерліктің даму қарқынын арттыру болып табылады. 
Форумның пленарлық отырысына дейін №45 «Ақ орда» мектеп гимназиясының акт залында аудандық жастар парламенті депутаттары, "Жастар корпусын дамыту" жобасының жеңімпаздары, кент және ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі мамандарына арналған "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандықфилиалының бизнес-тренері Е.Құлшықбаевтың жетекшілігімен «Кәсіпкерлікке алғашқы қадам жасау» тақырыбында секциялық жұмыс жүргізілді. Секция барысында жастар өздерінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға түрлі идеяларымен ұсыныстарын жеткізіп, жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылап, шешілу механизмдерін сөз етті.
"Кәсіпкерлік - табыс кілті» тақырыбында аудандық жас кәсіпкерлер форумы
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС
Аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудандық жас кәсіпкерлердің шығарған, қолымен жасаған өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені аудан әкімі Ә.Оразбекұылы зиялы қауым өкілдерімен бірге аралап кәсіпкерлерге өз ризашылығын білдіріп, шығарған өнімдерін әрі қарай дамыту керек екендігін айтты.
19 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Әшім Оразбекұлының төрағалығымен «Кәсіпкерлік - табыс кілті» тақырыбында аудандық жас кәсіпкерлер форумының пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырыста «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А. Маманова жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар барысы жөнінде баяндама жасаса, жас кәсіпкер "АРУ АНА" түйе сүтін өңдеу зауытының меңгерушісі Б.Сабырқызы, "Zhasproject" жобасының «Барлығы рахмет үшін» әлеуметтік дүкен ашқан жеңімпаз Т.Нуштаева, секция жұмыстарының қорытындысы бойынша "Zhasproject" жобасының жеңімпазы С.Үсеновалар өздерінің ұсыныстарын ортаға салды. 
Сонымен қатар, ауданымызда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына және жастар кәсіпкерлігінің дамуына үлес қосқаны үшін бірқатар жастар аудан әкімі Әшім Оразбекұлының алғысымен марапатталды. Форум барша қатысушылардың естелік суретке түсуімен қорытындыланды.

Шиелі аудандық ішкі саясат ФБ парақшасынан

20 қыркүйек 2018 ж. 2 343 0