Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдардың ауданға тартуы

Ауылдардың ауданға тартуы


Гүлдене бер, Ши елім!
Арта берсін мәртебең.
Сендей жерден шыққан мен,
Асқақтайын әніммен –
деп жырға қосылған аудан өнер мен мәдениеттің өрнегін төккен дүлдүлдер мен
бұлбұлдар, жақсылар мен жайсандарға киелі мекен бола білді. Ши елі ауданының 90
жылдық мерейтойына орай, жыл басынан бері түрлі шаралар легі ұйымдастырылуда.
Со ның бір парасындай, өткен аптаның соңында, «Гүлдене бер, Ши елім» атты орталық
алаңда мерекелік шара өтті.
Өнер бар жерде өмір бар дегендей, өнер жолындағы
жарқын өмірдің бір күніне балап, Жақаев, Бидайкөл,
Байсын, Қарғалы ауылдарының көркемөнерпаздарының
қатысуымен концерттік бағдарлама болды. Адамға ризық
сыйлайтын еңбекпен қатар, қоғамымызға рухани байлық
та қажет. Сондықтан болар, алаңға жиналған халықтың
әдебиет пен мәдениетке, өнерге деген ықыласынан бір
іңкәрлік байқалады.
Ша р а б а р ы с ы н д а М . М а қ а т а е в т ы ң « А қ қ у л а р
ұйықтағанда» поэмасының сюжетінен, қойылымы
көрсетіліп, көпшіліктің назарын аудартып, ықыласына
бөленді. Аудан көлеміндегі 4 ауылдың басын біріктірген
аталмыш шара, күмбір күйдің қоңыр үнін, жырдың
жақұтын, дәстүрлі әннің әуенін, мың бұралған бидің
көрінісін аудан тұрғындарына ұсынды.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.
08 қыркүйек 2018 ж. 1 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031