Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғафурдың ғашық әлемі

Ғафурдың ғашық әлемі

Елге игілік, адамға ырыздық сыйлайтын еңбекпен қатар, қоғамымызға рухани байлық та қажет. Халықтың жалғыз материалдық сұраныспен өмір сүрмейтіні әдебиет пен мәдениетке, өнерге деген ықыласынан да көрінеді.Елге игілік, адамға ырыздық сыйлайтын еңбекпен қатар, қоғамымызға рухани байлық та қажет. Халықтың жалғыз материалдық сұраныспен өмір сүрмейтіні әдебиет пен мәдениетке, өнерге деген ықыласынан да көрінеді.
Осы ретте, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ә.Тәжібаев ауылындағы мәдениет үйінде Ғ.Қалдыбаевтың «Жыр жайлауы ауылым» атты шығармашылық кеші өтті. Жастайынан бойына біткен ерекше ақындық қабілетінің арқасында қолына қалам алып, өзінің төл туындыларын қағазға түсіруден жалыққан емес. Кеш иесінің туған жерге деген сүйіспеншілігі көрініс тапқан жырынан бас­тау алды. Сағыныш пен мұңнан, тазалық пен сұлулықтан тұратын Ғ.Сүйіндікұлының поэзия әлемі әркімнің-ақ көңіл толқынын тербеп, адам баласының жандүниесін селт еткізгендей.
Ауыл халқы осынау шара барысында күнделікті күйбең тіршіліктің қабатынан арылып, мөлдір жырдың сусынымен қанықты. Ғ.Қалдыбаев көпшілікке сиясы кеппеген жырларын тарту етсе, ақын жігіттің өнердегі достары әуелете ән салып, жақұт жырлардан шашу шашты. Елге танылып үлгерген «Тахмина» әнін орындап, лық толы залдың ықыласына бөленді.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
26 маусым 2018 ж. 1 658 0