Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әбілқасым СӘРСЕНБАЕВ, Суретшілер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры: Туған жерге әр оралуым – рухани жаңғырудың бір картинасы

Әбілқасым СӘРСЕНБАЕВ, Суретшілер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры: Туған жерге әр оралуым – рухани жаңғырудың бір картинасы

Әркімнің туған жері жүрегінің түкпірінде емес пе? Өнер адамы болғаннан кейін қашан да туған жердің ерекшелігі, қасиеті, жалпы әлемі өзіңмен бірге жүреді екен. Мен жұмыстың ыңғайымен ауылдан жыраққа кеттім. Арасында демалыс берілсе, бала-шағамды ертіп елге келеміз. Сонда бір-екі ай елде болып, ағайын-туысты көріп, емен-жарқын әңгімелесіп, арқа-жарқа боламыз. Содан туған жерімнің табиғатын қағаз бетіне түсіре бастаймын. Өзім Аққұмшықта тұрдым. Сол Аққұмшықтың жан-жағында да суреттер салдым. «Аққұмшықтың құдығы», «Аққұмшықтағы ақ үйім», «Аққұмшықтағы ауыл» деген сияқты көптеген дүниелерім осы жерде өмірге келді. Елдің көптеген азаматтары тысқары кетті жұмыс барысымен, түрлі жағдайлармен, өнер-білім қуып. Сыртта жүрген азаматтар елге, ауылға барып, өздерінің болмысын көрсетсе, елге сәлемдессе, елмен байланысса нұр үстіне нұр болар еді. Араласып қана қоймай, ауыл жастарын игі істерге бастап, соларға үлгі-өнеге көрсетіп, жолбасшы болып, бағыт-бағдар берудің өзі рухани тұрғыдан жаңғырудың бір көрінісі дер едім. Мәселен, ауылда жоғары оқу орнын оқуға мүмкіндігі болмай қалған қыз-жігіттер бар. Міне, оларға да қолдау көрсетіп жіберсек, қандай керемет. Ол дегеніміз – алдынан айқара ашылған жаңа әлемнің есігі, бастауы болмай ма?
Елбасының осы аталған мақаласы аясында бүкіл еліміз бойынша кереметтей кездесулер, жиындар мен шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде өнер адамдары да қалыс қалып жатқан жоқ. Бұл да болса елмен етене болудың бірегей үлгісі іспетті. Халық та елім, жерім деп жомарт жүрегімен келіп жатқан азаматтарын құр қол қайтармай, барынша құрмет көрсетуде. Туған жерінің «Құрметті азаматы» атағын иемденіп қайтуда. Туған жерің мен халқыңның пейілінен, ықыласынан асқан марапат жоқ деп ойлаймын өз басым. Еңбегің еленіп, ескеріліп жатса, онда бейнетіңнің жемісі деген сөз. Сол жемістің ең асылы мен қымбаты туған жерден болса, онда оның орны да, дәмі де бүкіл тұла бойыңа таралып, нәр береді, шабыт сыйлайды, қанат бітіреді. Ал, біз сол қанатымыз арқылы туған топыраққа, туған жерге, елге талмай, табан тіреп отырамыз. Мен үшін туып өскен топыраққа әр кезде оралуым рухани жаңғырудың бір картинасы. Солай болып қала бермек.
Дина ЖҮСІПОВА.
23 желтоқсан 2017 ж. 2 036 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930