“Таңшолпан” бағдарламасы жаңа маусымды бастады

“26 жылдық тарихы бар жобаға түбегейлі өзгеріс енгізіп, жаңалық әкелу әсте мүмкін емес. Қалыптасқан дәстүрі бар таңғы-ақпараттық бағдарламаның жаңа телевизиялық маусым алдындағы басты міндеті – тыңғылықты дайындықпен келу. Ең бастысы, көрерменнің сұранысын қанағаттандыру. Шығармашылық топ ізденуден жалықпайды. Жаңа идея, тартымды сюжет, тосын ой арқылы көрерменге жақындай түседі. Бұл жолы да “Таңшолпанда” жағымды жаңалықтар көп болмақ. Соның бірі – көрермен көзайымына айналған жүргізушілеріңіз экранға оралады.”

“Биылғы жаңа маусымға “таңшолпандықтар” әдеттегідей қызу дайындықпен кірісті. Демалыс уақытында еліміздің курорттық аймақтарында арнайы түсірілім жүргіздік. Мұндағы мақсат – ішкі туризмнің дамуына атсалысу. Қалыпты студияның орнына қазақ жерінің тұмса табиғатын пайдалануды жөн көрдік. Одан бөлек, жексенбілік эфир де көрермен назарына ерекше форматта ұсынылады. Бағыт анық, мақсат – айқын. Соның арқасында ғана біз халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбектің нәтижесін көре алмақпыз.”

“Өзімді сүйікті ісін тапқан бақытты адамдар қатарына жатқызамын. Бірақ кейде үзіліс жариялап, көкжиекті кеңейтуге де тиісті көңіл бөлу керек. Ол үшін миды күнделікті жұмыстан толық босатып, қалыптасқан “жайлы аймақтан” шығу керек деп ойлаймын. Бізге жылына бір рет күш жинап, жаңа серпінмен жұмысқа кірісуге мүмкіндік беріледі. Оны сәтті пайдаландым деп ойлаймын. “Таңшолпан” ұжымы әдеттегідей жаңа маусымға сақадай сай. Жеке өз басым арнайы әзірлік жасап, шетелдік медиаорталықтардан тәжірибе жинақтап қайттым. Алдағы уақытта жаңаша леппен, тың күшпен жұмысқа кірісемін. Жаңа маусымда бізді не күтіп тұр? Ол – әрине, ерекше позитив, креатив идеялар. Өзгесі әзірше жұмбақ болып қала берсін.”
Баян Бақкелді, “Таңшолпан” таңғы ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі:
“Демалыстың қадірін білетіндердің алдыңғы қатарында таңғы бағдарламаның жүргізушілері тұруы заңдылық. Әр


“Әр таңды жақсы көңіл-күймен қарсы алуға себепкер болып келе жатқан бағдарламаға атсалысып жүргеніме биыл – тура 10 жыл. Сондықтан жаңа маусымның мен үшін жөні бөлек. Аптасына алты күн эфирге шығатын бағдарламаны дайындап, көпшілік назарына ұсыну оңай емес. Эфир барысы, оның сәтті шығуы тек жүргізушіге байланысты десеңіз, қателесесіз. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен оның артында – әрбір іс-қимылыңды қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, эфирді әуенмен әрлейтін дыбыс режиссеры мен өзге де техникалық қызметкерлер, жүргізушілердің мәтінін жазатын сценаристер, оны түзеп-күзейтін, артығын алып, жоғын түгендейтін шеф-редакторлар. Сюжет жасап бір тынбайтын тілшілер, осының барлығын ұйымдастыратын продюсерлер күнұзақ тынымсыз еңбек етеді. Тікелей эфирдің сәтті шығуы да – осы мамандардың біріккен еңбегінің нәтижесі. Бағдарламаның негізгі артықшылықтарының бірі: күн сайын екі қаладан, Астана мен Алматыдан, алма-кезек тікелей эфирге шығады. Осы үрдіс жаңа маусымда да жалғасады. Әдеттегідей Алматы студиясы арқылы көрерменмен қайта қауышпақпын. Бірақ жалғыз емес”.
Айта кетейік, шығармашылық топ 365 күннің шамамен 288-ін, яғни 864 сағатын “Таңшолпан” бағдарламасын дайындауға жұмсайды. Жыл сайын “Таңшолпанның” қонақжай төріне 1500-ден астам мейман келеді, 3 мыңға жуық арнайы дайындалған бейнематериал көрермен назарына ұсынылады.
https://baribar.kz/