Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тың тақырыптар талқыланды

Тың тақырыптар талқыланды

Мәдениет үйінде білім беру қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында тамыз кеңесі өтіп, кіріспе сөзді аудан әкімі Ә.Оразбекұлы ашып, салтанатты жиынды жүргізді.
Алқалы жиын басталар алдында, аудан басшысы Әшім Оразбекұлы мен облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәдениет үйінің фоесінде (кіре берісте) ұйымдастырылған көрмемен, роботтық техникамен танысып, сондай-ақ, компьютер арқылы әрбір мектептің жетістіктерін көріп шықты. Хош делік, залға қарай беттеген, ол жердің атмосферасы мерекелік қуаныштың лебі сезілгендей көрінді. Құдды бір оқушылар секілді біркелкі киінген аудан педагогтары белгіленген жерге дер кезінде жинала қалғандай көрінді. Көптен бері көріспеген қызметкерлер жөн сұрасып, өзара білім беру саласындағы мәселелерді талқылауды бастап та кетті.
Тамыз кеңесі әдеттегідей есеп беруден басталды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Сейілханов: «Білім беру сапасы мамандарының жаңа оқу жылының басталуына тың серпіліс беретін дәстүрлі басқосуында орта білім беруде жаңартылған мазмұнмен оқыту кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2018 жылғы 1 қыркүйектен бас­тап, 3, 6, 8-сыныптар көшіріледі. Ағымдағы жылдың соңына дейін балалардың 75 пайызы жаңартылған мазмұнда білім берумен қамтылатын болады. Сондай-ақ, 1280 педагог жаңартылған мазмұн бойынша оқу курсынан өтті. «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен жылма-жыл дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы барлық білім беру мекемелерінде өткізіліп келеді. Осының аясында тамыз айының басынан бері 644 балаға 5 млн. 864 мың теңге көлемінде мектеп киімімен көмек көрсетті. Биылғы жылы 1-10 сынып аралығында 15626 бала оқыса, соның 93 пайызы қамтыла отырып, Қазақстанның қасиетті жерлеріне саяхат жасап, демалып қайтты. Жаңа оқу жылы сәтті басталып, нәтижелі жалғасып, табыспен аяқталар жыл болсын» деп білім бөлімінің басшысы баяндаманы аяқтады. Я, расымен Елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның білім деңгейіне қарай айқындалады» деген болатын. Білім – әр мемлекеттің дамуындағы негізгі рөл болғандықтан аудан басшысы да мұғалімдер қауымына бала тәрбиелеу жұмысын жандандыруды, психолог мамандардың әрбір оқушымен тыңғылықты жұмыс жасауын, яғни сапамен жұмыс істеуді ескертіп өтті.
Қазіргі таңда білімді әрі тәрбиелі шәкірт тәрбиелеу – заман талабы. Ал, білім алу, оны пайдаға асыру уақыт күттірмейтін мәселе. Сондықтан, жаңа оқу жылын жаңа деммен, ерекше леппен бастағалы отырған педагогтарға артылар міндет те жеңіл емес. Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы жиналған көпшілікті жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, баяндамада келтірілген фактілер бойынша өз ой-пікірін білдірді. Сонымен қатар, аудандағы мұғалімдер квалификацияға қатысу керектігін атап өтті.
Қордаланған мәселелерді талқылап, оны шешу жолдары қарастырылатын ашық диалог алаңында мұғалімдердің түрлі деңгейдегі марапаттау рәсімдеріне ұласты. Ұстаз деген ұлы есімге кір келтірмей, шәкірт тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп жүрген бір топ педагогтарға аудан әкімі Әшім Оразбекұлы Алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен үздік білім қызметкерлерін марапаттаса, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 20 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгісі Гүлзира Жаңабаеваға табысталды. Сонымен бірге, 2018 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша таңдау пәндерінен жоғары баллға қол жеткізген оқушылардың он ұстаздарына аудан басшысы ноутбук сыйлады.

Жұлдызай
Ноғайбайқызы.

30 тамыз 2018 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930