Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміз тәуелсіздік тойын тойлауда

Еліміз тәуелсіздік тойын тойлауда




Осыдан 26 жыл бұрын яғни 1991 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойған болатын.

Осылайша, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
Айта кетейік, Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады.
Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет.
Мереке қарсаңында Астанада Тәуелсіздік күніне арналған жиында сөйлеген президент Назарбаев өткен кезеңдегі жетістіктерді атап өтіп, ел тұрғындарына алғысын білдірді.
 NUR.KZ 
16 желтоқсан 2017 ж. 1 277 0