«Ұлттық Домбыра» күніне орай «Қасиетті, киелі – қазақтың қара домбырасы» атты іс-шара өтті
Бүгін Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Нартай өнер мектебі бірлесе отырып "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында және «Ұлттық Домбыра» күніне орай «Қасиетті, киелі – қазақтың қара домбырасы» атты іс-шарасы ұйымдастырды.
Іс-шара басында алғашқы сөз тізгінін алған Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Өсербек Тұрсынбекұлы осы жылы алғаш рет атап өтілгелі тұрған «Ұлттық Домбыра күні» мерекесінің маңызы туралы сөз тарқатты. Ары қарай домбыраның шығу тарихы мен оның құрылымы, қазақ халқының мәдениетінде алатын орны туралы түсіндіріліп, Нартай өнер мектебінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен шара жалғасын тапты. Көрермендерге қазақтың халық әндерінен әндер шырқалып, музей көрмесін тамашалауға ұласты. «Сыр ұланы» лагері мен мектеп жанындағы лагерлердегі демалушы балалар, балабақша бүлдіршіндері музейге ақысыз кіріп, тамашалады.
"Өскен өңір" ақпарат.