Ауылды дамытудың маңызы мен міндеті
Бүгінгі күні әлемде ұлы өзгерістер тез жүріп, мемлекетаралық қарым–қатынас күрделене түсуде. Табиғи ресурстарды пайдалану қарқыны үдеп, қоршаған ортаға әсері күшейіп, салдарынан жаһандық климат өзгерісі бой алды. Аридтік аймақтарда, су тапшылығы күшейіп, қуаңшылық орын алуда. Жоғары технологиялар дамып, жер бетіндегі сирек металдарға сұраныс артуда. Әлемде экономикасы дамыған елдер тарапынан осындай қорлары бар елдерге өз ықпалдарын күшейту шаралары орын алуда.
Қазақстан осындай қорларға бай екенін әлем жақсы біледі және сондай қорларға иелік жасау әрекеттері байқалуда. Мұнай, газ, көмір, басқа да қазба байлықтар қоры шектеулі және болжамдар бойынша 150-200 жылда мүлде таусылу немесе азаю тәуекелдері де жоқ емес.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың геологиялық барлау жұмыстарын қарқынды жүргізу жөніндегі тапсырмасы және Үкіметіміздің арнайы бағдарламалар қабылдауы – стратегиялық маңызы ерекше шаралар.
Елімізде жол, инфрақұрылымдар, газ құбырлары, мектептер, түрлі әлеуметтік нысандар салынып, қала, ауыл халқының тұрмыстық жағдайы жақсаруда. Дегенмен елімізде ішкі миграция процесі орын алып, ауыл халқының саны азаюда. Келешекте бұл үрдіс жалғаса берсе мемлекеттің қыруар қаржысына салынған нысандар бос қалуы немесе тиімсіз пайдалану тәуекелі өте жоғары. Кейбір ауылдағы мектептерге биыл бірінші сыныпқа төрт бала барғанын ақпарат құралдарынан оқып біліп отырмыз. Осындай тенденция біраз өңірлерде байқалады.
Ал ауылдың қазақ қоғамы үшін орны ерекше екенін жақсы білеміз. Ол тек қана адамдардың тұрғылықты жері емес, ауыл халқымыздың тарихы, әдет-ғұрпы, діңгегі, ұлт болмысы, тәрбие ошағы, тілі, діні, ұлттық құндылықтардың қайнар көзі, өнері, сұлу табиғаты, т.т. Әлдебір әнде айтылатын «ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді» деген жыр жолы көңіл жұбатар дүниедей көрінеді.
«Енді не істеуіміз керек» деген сұрақ туындауы заңды және түрлі ұсыныстар бар екенін де жақсы білеміз.Нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс, бизнес бірінші орында тұруы және урбанизациялық процестің де жүретіні белгілі. Дегенмен біздің Қазақстан үшін әрбір ауылдың стратегиялық маңызы ерекше, сондықтан оларды барынша сақтау, дамыту қажеттілігі аса зор.
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, экономикасын дамытуда, демографиясын көтеруде, қорғаныс қауіпсіздігін сақтауда, барлық салалар бойынша бәсеке қабілеттілігін арттыруда ауылдың потенциалын сақтау және пайдаланудың еліміз үшін маңызы ерекше.Ауылда тұрақты жұмыс орындарының болмауы, жалақының төмендігі, өркениет жетістіктерінің қолжетімсіздігі, бизнес жолдарының санаулығы, дайын өнімді өткізіп ақшаға айналдырудың қиындығы немесе өте арзан бағаға сатылуы секілді себептер екені белгілі. Осындай жағдайларға байланысты мектеп бітірушілердің 80-85 пайызы қалаға оқуға, жұмыс істеуге кетеді. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық өңірлерінде осындай жағдайлар байқалады.
Ауыл халқының санын тұрақтандыру, ауылға көшуді ынталандыру үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаулар төмендегі бағыттар бойынша жүргізілсе:
– зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарау, ерлерді – 60 жастан, әйелдер – 55 жастан, бес баладан көп туған әйелдерді – 50 жастан шығуға;
– ауылдық жерлерге көшемін деушілерге мемлекет тарапынан кемінде 20 жылдан кейін сатуға, көшуге рұқсат беру құқығымен үй беруге, есік алды шағын шаруашылығын жүргізуге 10-20 млн теңге пайызсыз несие беру, салықтан босату мүмкіншіліктері қарастырылса біраз мәселелер шешілетін еді.
Сонымен қатар ауыл әкімдері өз ауылының адами, экономикалық, табиғи ресурстарына терең талдау жасап, қандай отбасы қандай бизнеске ыңғайы бар және әрқайсысына өндіретін өнім түрін, есік алды жер қорларын, қандай көкөніс-бақша түрлерін өсіру мүмкіншіліктерін анықтап, шынайы жоспар құруды және өндірілген өнімнің бір бөлігін фючерстік келісімшартпен сатып алу мүмкіншіліктерін қарастырулары керек және ауыл әкімдерінің өз бағдарламаларын орындау үшін олардың кемінде бес жыл мерзімге сайлануын қамтамасыз ету керек.
Су тапшылығы жағдайында жер және су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл тұрғындарын табыс табуға ынталандыру, экологиялық таза, жоғары сапалы дәруменді өнім өндіруді жолға қою үшін және ұрпақты еңбекке баулу мақсатында, есік алды жерлерді іске қосу маңызды шаралар екендігі анық.
Қарапайым есептер көрсеткендей, әрбір ауылдың үлкен-кішілігіне байланысты есік алды жерлерінің көлемі шамамен 100-150 гектар болады. Қызылорда облысы мысалында 220-дан аса ауыл бар, демек пайдалануға жарамды аула алдындағы жер кемінде 20 мың гектардан аз емес және бұл жерлердің ерекшелігі аяқсумен қамтамасыз етілген, бұрын пайдаланған іздері бар, тыңайып жатқан жерлер. Сонымен қатар көңді пайдаланып, әрдайым топырақтың құнарлығын арттырып, мол өнім алуға толық мүмкіншілік бар. Демек алынатын өнімнің өзіндік құны барынша төмен болып өңдеу, сақтауда оңай болады. Кезінде ауылдық жерлер түгіл аудан орталықтарындағы үйлердің 30-40 пайызында өнім сақтайтын арнайы ұралар болатын-ды және 20-30 қап тамаша картоп, сәбіз, жуа өнімдері сақталып, ал сарайларда қауын, асқабақтар сонау келесі көктемге дейін сақталатын. Қызанақ, қияр, қарбыз, әңгелек молынан жиналып, балалар емін-еркін жейтін. Осылардың әсері болуы керек сол кезеңдерде балалар көп ауырмайтын-ды. Теміржол бойындағы станцияларда қауын баздары жұмыс істеп, шаруалар дайын өнімдерін сатып, пайда табуға жағдай жасалынатын және сол кезде қауынды егіп сататын жеке адамдар болды, яғни бүгінгі жеке кәсіпкердің моделі секілді.
Кооперативтер ұйымдастыру, бір ауыл бір өнім, т.б, ұсыныстар баршылық, бірақ олар жұмыс істемейтіні белгілі. Осы тұста ауыл, кент, аудан әкімдерін, шаруашылық мамандарын, тәжірибелі ардагерлерді, қатысуға ынталы ауыл өкілдерін жинап 16-24 сағаттық курстар ұйымдастыру арқылы әр ауыл бойынша жол картасын дайындау, ауылдардың әлеуетін анықтау, өнімдерді дайындау, өңдеу, сату масштабтау секілді істерді жүргізу ауылдың, ауданның, аймақтардың даму және жаңа жұмыс орындарының ашылу мүмкіндіктерін анықтап, нақты жоспар құру қажеттілігі өткір мәселе.
Ауыл, аудан, қалаларда арнайы дүкендер ашып, үлкен жол бойында өндірілген өнімдерді сататын, барлық жағдайы жасалған қабылдау пункттері, базарлар, шағын сату нүктелері ұйымдастырылып, ерте көктемнен бастап түрлі өсімдіктердің көшеттерін дайындау, сату жолға қойылса және егу, күтіп-баптау, өңдеу бағыттарында консультациялар, ұсынымдар әзірленіп тұрғындарға ұсынылса нәтижелі іс болатындығы анық.
Жапония елінің іс-тәжірибесі көрсеткендей, олар осындай есік алды, елді мекендер ішіндегі шағын бос жерлерді игеруде ерекше нәтижеге жеткен және адамдардың орта өмір сүру жасының өсуіне осындай жерлерден өндірілген экологиялық таза, сапалы өнімдерді тұтынуына байланысты екені дәлелденген факт.
Ол жақта да жастардың ауыл шаруашылығы саласынан кету үдерісі айтарлықтай күшейген. Осы мәселені шешу және қол еңбегін азайту мақсатында мемлекет пен ірі корпорациялар шағын шаруашылықтарға қолдануға ыңғайлы, заманауи техникаларды кеңінен ұсынуда. Олардың қатарында шағын тракторлар, комбайндар, басқа да ықшам ауыл шаруашылығы техникалары бар. Топырақ өңдеуге, көшет отырғызуға, суаруға арналған құрал-жабдықтар, шағын тракторлар мен комбайндар, түрлі қосалқы құрал-саймандар, өсімдіктерді қорғау препараттары шаруаларға қолжетімді деңгейде ұсынылған.
Сонымен қатар көшет өсіру мен дайындау үдерісі де жақсы жолға қойылған. Арнайы есік алды жылыжайларда күріш, салаттар, құлпынай, пияз және басқа да көптеген көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіруге толық жағдай жасалған. Мұндай технологиялар еңбек шығынын азайтып, ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыруға, автоматтандыруға және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің тиімді жүйесі қалыптасқан. Өнімді тікелей қабылдайтын арнайы орындар жұмыс істейді. Шаруалар өз өнімін осындай орындарға тапсырып, қажетті бөлігін өңдеуге, тұтынуға немесе мал азығына пайдаланып, қалған өнімінен табыс табуға мүмкіндік алады.
Әрине, мұндай модельді біздің жағдайымызға толықтай көшіру міндетті емес. Дегенмен оның жекелеген тиімді тетіктерін отандық ауыл шаруашылығы өндірісіне бейімдеп енгізуге әбден болады. Мұндай шағын техникаларды Қытайдан, Жапониядан немесе Кореядан алу мүмкіндігін қарастырумен қатар, оларды өз елімізде өндіруді де жолға қою қажет. Шағын шаруашылықтарға арналған техникаларды өндіру, қолжетімді бағамен ұсыну және олардың тұрақты сервистік қызметін ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті талабы.
Ауыл тұрғындарының есік алды шағын жерлерді тиімді пайдалануы маңызды. Мұнда тек өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен шектелмей, мал шаруашылығын қатар дамытуға болады. Жем-шөп дайындау, ет пен сүт өндіру, оларды өңдеп, дайын өнімге айналдырудың мүмкіндігі мол. Бұл бағытта Қызылорда қаласындағы кәріс ағайындардың тәжірибесін мысал ретінде келтіруге болады. Олар небәрі 3-4 сотық жерді тиімді пайдаланып, түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, одан тұрақты табыс тауып отыр. Ал ауылдық жерлердегі мүмкіндік бұдан әлдеқайда зор. Қой-ешкі, сауын сиыр, жылқы ұстау, мал бордақылау, тауық, қоян, қаз, үйрек өсіру сияқты көптеген бағыттарды шағын отбасылық шаруашылық деңгейінде дамытуға болады.
Осындай тәсіл ауылдағы әрбір отбасының қолда бар жері мен ресурсын табыс көзіне айналдырып, өзін азық-түлікпен қамтамасыз етуіне және артық өнімін өткізу арқылы қосымша кіріс табуына мүмкіндік береді. Бір ауылдың өзінен жыл бойы қанша тері, жүн, сүйек, тұяқ және басқа да мал шаруашылығы шикізаты жиналатынын есептеу қиын емес. Бүгінде олардың едәуір бөлігі кәдеге жаратылмай, қалдық ретінде қалып қояды. Сондықтан бұрынғы Потребсоюз тәжірибесін қазіргі заман талабына бейімдеп, әрбір аудан орталығында осындай құнды шикізатты жинау, сұрыптау, алғашқы және терең өңдеу, әрі қарай өткізу жүйесін ұйымдастыруға болады. Бұл жаңа кәсіп түрлерін қалыптастыруға, жұмыс орындарын ашуға және ауыл халқының қосымша табыс табуына мүмкіндік береді.
Кейінгі кезде жиі айтылып жүрген «бір ауыл – бір өнім» қағидатын да кеңірек қарастырған жөн. Ауылдың мүмкіндігін бір ғана өніммен шектеудің орнына, оның табиғи ресурстары мен қалыптасқан шаруашылық ерекшеліктеріне қарай бірнеше бағытта дамыту тиімді. Бір ауылда ет пен сүт, құс өнімдері, күріш, бидай, бақша дақылдары, талқан және басқа да азық-түлік өнімдерін өндірумен қатар, жүн, тері, сүйек секілді жанама шикізаттарды да толық кәдеге жаратуға болады. Осылайша ауылда өндірілген шикізатты сыртқа шығарумен шектелмей, оның қосылған құнын сол жерде қалыптастыруға жағдай жасалады.
Табиғи су айдындары бар немесе жасанды тоған жасауға қолайлы ауылдарда балық шаруашылығын дамыту мүмкіндігін де тиімді пайдалану қажет. Жергілікті жағдайға бейімделген балық түрлерін өсіру, шабақтандырудың қолжетімді тәсілдерін қолдану және шағын тауарлы балық шаруашылықтарын ұйымдастыру ауыл экономикасын әртараптандырудың тағы бір бағыты бола алады.
Демек, негізгі ұстаным «бір ауыл – бір өнім» ғана емес, «бір ауыл – бірнеше өнім, өңдеу және тұрақты табыс көзі» қағидатына қарай бағытталуы тиіс.Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысында аудан мен ауыл тұрғындарының, әсіресе ауыл шаруашылығында ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлер мен тәжірибелі шаруалардың білімі мен тәжірибесіне сүйену маңызды. Жергілікті жағдайды, ауылдың нақты мүмкіндігін және халықтың қалыптасқан шаруашылық дағдыларын ескере отырып жұмыс жүргізілсе, нәтижесі де жоғары болары анық.
Бүгінде ауыл шаруашылығын дамытуда «гигантоманиялық» көзқарастан біртіндеп арылып, шағын және отбасылық шаруашылықтарды қолдауға бет бұратын кезең келді. Бұл ретте өзіміздегі және шетелдегі шағын шаруашылықтардың тиімді тәжірибесін зерделеп, жергілікті жағдайға бейімдеу қажет.
Өткен тәжірибеден сабақ алу да маңызды. Кезінде мыңдаған басқа есептелген мал бордақылау алаңдары, ірі ет комбинаттары, жем зауыттары, ауқымды жылыжай кешендері, қоймалары салынып, кейін олардың бірқатары толық қуатында жұмыс істей алмай немесе мүлдем тоқтап қалған жағдайлары белгілі. Сондықтан жобаның ауқымына емес, оның экономикалық тиімділігіне, тұрақтылығына, жергілікті шикізатпен қамтамасыз етілуіне және дайын өнімді өткізу мүмкіндігіне басымдық берілуі тиіс. Шағын, бірақ тұрақты жұмыс істейтін жүздеген шаруашылықтың дамуы ауыл экономикасын әртараптандыруға, халықты жұмыспен қамтуға және ауыл тұрғындарының тұрақты табыс көзін қалыптастыруға негіз бола алады.Әрбір ауылдың территориясы үлкен Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор және қазақтың «Бос жатқан жер жау шақырады» деген тәмсілін әсте естен шығармауымыз керек. Біз бейбіт жатқан елміз, бірақ та қауіпсіздік мәселесінде аса сақ болуымыз керектігін әлемде болып жатқан жағдайлардан көріп отырмыз.Мемлекет, әкімшілік, ғылым, бизнес, шаруашылық өкілдері және ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, әрбір ауылдың табиғи-экономикалық мүмкіндіктерін ескерген даму жол картасын тез арада дайындау және іске асыру аса маңызды шаруа. Бұл жұмыс ауылдың нақты ресурстарына, қалыптасқан тәжірибесіне және тұрғындардың қажеттілігіне негізделуі тиіс.
Осы бағыттағы ұсыныстарды, тәжірибелер мен тың идеяларды жинақтап, ортақ ой мен тәжірибені біріктіре алсақ, әр ауылдың өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, тұрақты дамуына нақты жол ашылады.
Серікбай ӨМІРЗАҚОВ,
техника ғылымдарының докторы,
профессор,
ҚҰҒА академигі