Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адал еңбек – абыройлы жол

Адал еңбек – абыройлы жол

Еңбек күніне орай «Руханият» орталығында «Құдіретті күш, киелі Еңбек» атты тағылымды кездесу өтті.
Шараның шымылдығы еңбек адамын ұлықтауға арналған бейнероликпен ашылып, одан әрі шараны жүргізушілер жалғастырды. ­Жиынды ашу үшін сөз аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы Жантас Инаятханға берілді. Ол өз сөзінде Еңбек күнінің маңызына тоқталып, маңдай термен ел дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет білдірді.
Шараға еңбек жолында өз ісінің кәсіби маманы атанып, ел құрметіне бөленген азаматтар арнайы шақырылды. Атап айтқанда, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, Бидайкөл ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Назарбекқызы, Жақаев ауылының ардагері, күрішші Шәркүл Мүсілімқызы, Нартай ауылының білім саласының ардагері Бақытхан Ізбасханұлы, Шеген Қодаманов ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бодыбай Сейділдаұлы және Ақмая ауылының күрішшісі Мұрат Романұлы қатысты.
Кездесу барысында еңбек майталмандары өздерінің еңбек жолы, мамандық таңдауы, кәсіби жетістіктері мен өмірлік тәжірибелері туралы әңгімелеп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Әсіресе жұмысшы мамандықтардың маңызы, адал еңбектің адам өміріндегі орны, еңбекке жауапкершілікпен қарау және заман талабына сай кәсіби біліктілікті арттыру мәселелері сөз болды.
Қонақтарға еңбек жолын қай жерде бастағаны, мамандықтарының ерекшелігі, кәсіби жетістіктері, есте қалған еңбек сәттері және қазіргі жастарға берер кеңестері жөнінде сұрақтар қойылып, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.
Шара барысында еңбек адамдарының өнегелі әңгімелері көпшілікке ой салып, кейінгі буынға адал еңбек етудің, өз кәсібіне берілгендіктің маңызын көрсетті.
Кездесу кешінің мазмұнын концерттік бағдарлама толықтырды.
«Құдіретті күш, киелі Еңбек» атты кездесу кеші еңбек адамын ардақтап, оның өнегелі жолын дәріптеген мазмұнды әрі тағылымды шара ретінде қорытындыланды.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ,
сурет Б.БӘЙІМБЕТ
05 қазан 2026 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031