КҮРІШ АЛҚАБЫНДА ШЫҢДАЛҒАН

– Бас, – деді ешкімге назар аудармастан.Он үш-он төрт шамасындағы қара борбай қағілез бала Жамбыл көріктің тұтқасын жіберіп-тартып жұмысына кірісті. Маңдайыжіпсіді. Таңдайы кепті. Қабырғасы қайысты, қары талды»депЖ.Балбыровтыңұста дүкеніндегі алғашқы еңбегін көркем тілмен көріктендіріпті. Осы әкеұстаханасы – Жамбылдың шын мәніндегі ұстазы.Жаңаталаптағы жетіжылдық мектепті бітірісімен әрі қарайоқуға мұршасы болмады. Он екі жасында анасынан, он жеті жасында әкеден айырылған оны қарындасы Жібек пен Қаржаудың тағдыры еңбек етуге құлшындырды. Алғашқыда шопанға, жарты жылдай тракторшыға көмекші болды. Іле-шала бір топ достарымен Мәдениет МТС-ы жанынан ашылған 4 айлық курста Оспан Мүйтенов,Өмірзақ Ысқақов, т.б. жастарменбірге оқыпшықты. Бұл 1955 жылболатын. Жаңаталап колхозына келіп, байырғы тракторшылар Зәбар Қожахметов, Ағзам Сарымбетовке көмекшібола жүріп «Нати» тракторын тізгіндей бастады.
Ауылдасы Еркебайқызы Орынкүлмен отбасын құрып, Бақыт, Қалтай,Мәнзура, Ертай, Ербол, Мәнсия атты ұл-қыздары, іні-қарындастары Қаржау, Жібек, Орынбек, Күлзаш – бәрі де өмірден өз орнын тапты.1955-1962 жылдарыЖаңаталапколхозындамал шаруашылығы басымдау болып, күріш өсірумен кең көлемдеайналыспаған еді. 1963 жылдан облыста күріш егуге айрықша мән беріле бастады. Осы тұста Ж.Балбыров комбайн жүргізіп,жатка тізгінін ұстады. Бір көктем-күзде трактор айдап, жер жыртса, ендібірде комбайн мен жатка рулінде отырды. Еңбек көрсеткіші жоғары бағаланып, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің қоламедалін алғаш рет омырауына тақты. 1963 жылы аудандық жарыс, 1964 жылыоблысжеңімпазы атанып, «Құрмет белгісі» орденін алды.
Өзініңбір естеліктерінде былай деп жазыпты: «…1963 жылғадейін күріш орып,жинап алу өтеауыр болатын. Алыстан студенттер, елдегі мектепоқушыларықатысатын. Сол жылы ауылға батпақта жүретін жалпақ табан «СКД-5» комбайныкелді. Бұл–күріш орып,бастыратын комбайн. Шала піскен ылғал күріш орылып,бастырылғанда, иеленісіп бункерге түспейтін. Ысырап көп болды. Менсоны бөлектеп оруды ұсындым».Осындай машақаттан құтылудың жолдарын ойланып, қолыбосасатәжірибе жасап жүрді. Бұл ойын совхоз директоры Алдаберген Бисеновке, Қармақшы өндіріс басқармасының бас инженеріК.Назарқұловқа айтып мақұлдатқанымен, аудан басшыларының алдынан өту керек. Сәрсенбі күні ауданнан бөлінген уәкіл Сейітнәби Мұқашев қашанғыәзілінесалып:– Жамбыл інім, зейінің толық жетіп тұрса, сен бүлдірген бол, менрұқсат берген болайын, – деп комбайнды бөлшектеуге қолдау көрсетеді.Осылайша сәтті күні комбайнды жаткаға айналдырды.Бұл техникаға жаңалық енгізген іс болды.
Трактор, жатка мен комбайнның құлағында ойнаған, үшеуінің қыр-сырына жетік Жамбыл жылжымалы транспортер мен өруші барабанды алып тастап, молотилканы мотордан ажыратты. Осы тұста бас бармағын шайнатып алғаны да бар. Сөйтіп совхоз және өндіріс басқармасындағы инженер-механиктермен бірге алғашқысынақты бастап, сол күні 12 гектар күрішті бөлектеп орды. Осыжасаған техникасымен бір маусымда 170 гектар күріш, 1965 жылы 150 гектар, 1966 жылы 200 гектар жердің егінін жинады. Сөйтіп есімі республикаға кең танылды. Жағымды жаңалық Жаңаталап, Жалағаштан асып, бүкіл облыс көлеміне тарады. Алғашында аудандық, кейіннен облыстық, республикалық семинар-кеңес өткізілді.Сырдағы өнертапқыштың жаңалығы өндірісте 1968 жылға дейін қолданыста болды.Бұл бір комбайнға қызмет ететін 6-7 адамды қысқартып, күріш сапасының артуына жол ашты. Жетістігі жоғары бағаланып,«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Қазақ ССР ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының «Социалистік жарыстың озаты» белгісі және Бүкілодақтық ауыл шаруашылығыкөрмесініңкүміс медалімен марапатталды.
Ол1968 жылы бір маусымда 280 гектар, 1969 жылы 300 гектар күріш орып бастырды. «ЖВН-6» жаткасының ағаш мотовиласын эксцентрикті мотовилаға ауыстырады. Бұл айқыш-ұйқыш жатып қалған күріштіңсабақтарын ораққаіліп алып беруге қолайлы етіп жасалғандықтан, өнертапқыштық деп бағаланды. Сондай-ақ «ЖРК-5» жаткасыныңкоробкасын жоғары қойып, жоңышқаны да орған.Қарапайым механизатордың ерен еңбегібағаланып,Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Мақтау грамотасын, Бүкілодақтық көрменіңқола медалін, мерекелік медальді иеленді.«Қазақ ССР-не еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы қызметкері» атағы берілді. Қазақстан коммунистерінің ХІІІ съезінеделегат болып, көрменіңкүміс медалін алып,Қазақ ССР-нің Құрмет кітабына («Алтын кітапқа») есімі жазылды.
Атақты комбайнер және тракторшылар бригадасының бригадирі Жамбыл Балбыров1992 жылы республикалық дәрежедегізейнеткерліккешықты. Депутат, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып, талайрет биікмінберлердесөз сөйледі. Жалағаш ауданының құрметтті азаматы атанды..Еңбек адамы, комбайнер, жаткист Жамбыл Балбыров жайлы Насрадин Сералиев, Ұзақ Бағаев, Байжігіт Әбдіразақов, Ахметжан Нұрекеев, Ақберген Ержанов, Қалмахан Нұрғалиев, Зордан Салықбаев мақалажазса,ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетов, Қомшабай Сүйеніш,Сағындық Баймаханов, Ұзақ Еспанов, т.б. өлең арнаған-ды.«Оңтүстік Қазақстан», «Ленин жолы», «Коммунизм үшін», «Коммунизм шамшырағы», «Жаңадария» газеттеріменқатар, «Қазақ жерініңзиялыазаматтары», З.Салықбаевтың, Т.Дайрабаевтың «Сырдың сырлы сыры», «Сыр перзенттері» атты кітаптарда кеңінен жазылды.2018 жылы баспадан шыққан «Ағайындылардың еңбек шежіресі» кітабында 1-бөлімі Ж.Балбыровқа арналған.
Көп жыл Жаңаталап совхозында қызметте болған Әмірбек Әбекенов «Ауылдың алты ауызы» атты өлеңінде:…Байғара, Қайырбек пен Бекарыстан,Көркіне туған жердің атсалысты.Жамбыл мен Қәнтай және Марияштар,Кеудеге орден таққан мол табыстан, –десе, ақын інісі Тыныштықбай Мұрынбаев: «Жалағаштың жайсаң жақсылары» деген өлеңінде:… Қай сөзде ақын сөзді қалдырыпты,Даңқымен Жаңаталап жаңғырықты.Жүйесін күріш ору ойлап тапқан,Мақтаймын және Жамбыл Балбыровты, – депоның жаңашыл, өнертапқыштығын атап өткен.
«Еңбегінеқарайзейнеті» демекші,ол 1970 жылдары Жаңаталапта алғашқы «Москвич 412» автокөлігін мінді. Өмірден 2013 жылдың 20 ақпанында өтті. Бүгінде асыл ағамыздың дүние салғанына да он үш жылдан асып барады. Биыл тоқсан жылдығы. Ел үшін жасалған еңбек қашанда жұртшылық есінде қалмақ.Асқар Тоқмағанбетовтің:…Жатқашы Жамбыл Балбыров,Талайды артқа қалдырған,Бұл да бір талмас ер еді,– деуі бекер емес.
Еңбек адамының өмір жолыжас ұрпаққатаныстырылуда, алдағы уақытта игілікті шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл бастамалар өткеннің өнегесін ұмыттырмайды.
Тынышбек ДАЙРАБАЙ,
зерттеуші, жазушы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері








